«Жасыл ел» еңбек жасағына жалақы ретінде төленуге 80 млн теңге бөлінді

Бұл жөнінде «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі Қанат Досмағамбетов мәлімдеді. Қаражаттың 52 миллион теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, 30 миллион теңге облыстық бюджеттен қарастырылған. Биыл көп жылдан бері алғашқы рет «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына жаңа киім үлгісі тігіліпті. Жауын-шашынды, ыстық күндерге қолайлы форманың түсі жасыл болып өзгерген. Осы жазда 1175 жас «Жайық таза қала» ЖШС-не қолғабыс беріп, қаланы абаттандыру, жасылдандыру, көгалданыдыру жұмыстарын атқаратын болатын. Оның ішінде 500 квотаны Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесі бөліп отыр, ал 390 жас Орал, Бөрлі, Шыңғырлау, Тайпақ, Чапаев, Ақжайық, Январцев, Орда орман шаруашылықтарында еңбек етсе, қалғаны Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Қазталов, Жымпиты, Тасқала аудандарының орталықтарында жұмыс істейді. Гүлзарларды суарып, арам шөптерді жұлу, гүлдердің күтімі мен тал-теректерді кескін бойынша қию да «Жасыл ел» жастарының міндетіне кіреді. Бұдан бөлек, арнайы жылыжайда еңбек етіп жүрген жастар бар. -«Сондай-ақ биыл алғашқы рет «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстың барлық аудандарында жұмыс жасауда. Бүгінде жазғы осы жұмысқа қатысамын деп тілек білдірушілер саны күрт артып отырған көрінеді. 300-ден астам студент жасақ қызметіндегі орын толық болғандықтан, алдағы жылға кезекке тұрған. «Жасыл ел» құрамында 16 жастан 29 жас аралығындағы жастар жұмыс жасай алады. Жаз бойы бірнеше ауысымда жұмыс жасаған жастар арасынан еңбекте үздік көрінген студенттер марапатталады»,-дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі Қанат Досмағамбетов. 1-маусымнан бастап еңбек жасағының алғашқы маусымы ашылған болатын. Жалақы ретінде 54 мың теңге төленеді. Айта кетейік, аталмыш еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы. Басты мақсаты-елімізді көгалдандыру, абат¬тандыру арқылы студенттер мен жұ¬мыс¬сыз жастарды еңбекпен қамтама¬сыз ету. Сондай-ақ, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp