Үйді күтіп ұстау - тұрғындардың өз қолында. Ескі үйлерді жаңарту үшін «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасына белсене қатысу қажет. Жаз соңына дейін Оралда 149 миллион теңгеге 7 үйді жөндеу көзделген. Құрылыс жұмыстары екі көпқабатты үйде басталып та кеткен.

Гагарин көшесі 67 мекенжайындағы бұшл үйдің салынғанына 40 жылдан асқан. Бірде-бір күрделі жөндеу жасалмаған. Шұрық-тесік төбесінен су сорғалап, ол пәтер-пәтерге жайылған. Енді бұл азап артта қалды дейді тұрғындар. Екі апта бұрын бағдарлама бойынша шатырды жөндеу басталған.
- Үйдің күйі жылдар бойы адам аярлық еді. Қазір жақсы болды жөндеп жатыр. Саржағал болған қабырғамен енді қош айтысамыз деп сенеміз. 66 пәтер иесі бағдарламаға қатысуда. Пәтер аумағына қарай 600 және 900 теңгеден несие төлейміз. 15 жылға. Әрі зейнеткерлерге субсидия беріледі, - Орал қаласының тұрғыны Светлана СТЕПАНЕНКО.
Құрылыс компаниясын тұрғындар өздері таңдайды. Бұрынғы ескі жабындының орнына профлистпен көмкерілетін жаңа шатыр орнатылады. Күрделі жөндеудің сметалық құны 18 миллион теңге. Мемлекет жеңілдетілген қарыз береді. Мердігерлер жұмысты мамырда аяқтаймыз деп отыр.
- Тұрғындар біреу келіп олардың үйін тегін жөндеп бермейтінін түсінуі керек. Бұл жекешелендірілген үйлер. Осы тарапта бағдарлама көмекке келіп тұр. 15 жыл жақсы мерзім. Несиені жабуға. Сосын тұрғындарға ескерер бір жәйт, бұл бағдарламамен тек қана төбені емес, пәтерлердің терзесін, үйдің есігін, инженерлік желілерді ауыстырып, жертөлені де жөндеуге болады, - мердігер компанияның директоры Валентина МИРОШКИНА.
Бұл құрылыс мекемесі бұған дейін 20-дан астам үйді жөндеген. Тұрғындардан шағым жоқ. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен үш үй жаңғырған. Тағы біреуі қайтарым қаражаттың неігізнде жаңа кейіпке енген. Ал биылғы жоспар бұдан да ауқымды.
- Биыл 7 үйді жөндеуді жоспарлап отырмыз. «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы бойынша жаздың соңына дейін бұл жұмыстар аяқталуы тиіс. Жалпы үйін жақсартып, жөндегісі келетін әр тұрғын осы бағдарламаға қатысқандары дұрыс. Халықтың белсенділігіне байланысты бәрі. Егер олар КСК-нің жиналыстарына қатысып, жұмыстың саплылығы туралы өз ойларын білдірсе, бізге де тиімді болады, - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек ҚАЙСАҒАЛИЕВ.
Қазір Есқалиев көшесіндегі 182-ші үйдің де шатыры жөнделуде. Бағдарлама көмегімен жеделсаты мәселесін де шешуге болады. Жалпы 2011 жылдан бері 80 көпқабатты баспана жаңғыртылған. Енді келешекте жөнделген үйлердің ауласы абатандырылады.