10 декабря 2016

Қазақстанда нан мен сүттің бағасы негізсіз қымбаттаған

Қазақстанда нан мен сүттің бағасы негізсіз қымбаттатылып келген. Күзге таман сөрелерден жоғалып, таптырмайтын қанттың құны да асыра көтеріліпті деп хабарлайды 31 арна. фото из архива "МГ" фото из архива "МГ" Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жыл басынан бері жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады. Министрдің айтуынша, бүгінге дейін монополияға қарсы комитет мамандары 40 тергеу ісін жүргізген. Соның нәтижесінде 45 сауда нысанының ешбір экономикалық себепсіз бағаны көтергені анықталыпты. Қисынсыз қымбаттады делінген азық-түліктердің ішінде ұн, нан, сүт, қант және ет өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар бар. Осыларды алға тартқан Қуандық Бишімбаев, бағалардың шекті деңгейін заң жүзінде белгілеу керек деді. "Әрбір сауда орнының санатына қарай ай сайын әлеуметтік маңызды азық-түліктердің ұсынылатын бағасын белгілеп отырамыз. Сондай-ақ, бұл бағаларды сауда субъектілері жалпылама жариялап отыруы тиіс. Осылайша, келген тұтынушы алатын тауарының ұсынылған құнын білетін болады және тауар бағасын қадағалауға ат салыса алады. Айтарлықтай айырмашылық байқаған жағдайда құзыретті органдарға шағымдануға кеңес береміз", - дейді Ұлттық экономика министрі. Естеріңізге сала кетсек, маусым айында Ақтөбеде нан бағасы 5 теңгеге қымбаттап, наубайханалар бұған дейін 68 теңгеден өндірген бір бөлке нанды дүкендерге 73 теңгеге сатты. Дүкен сөресіне түскен нанның құны тағы да көтерілді. Тексеру жүргізілді. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті деректі бірнеше ай зерттеп, кәсіпкерлердің қитұрқы әрекетке барғанын анықтады. - Нан бағасы бірінде 66 теңгеден 69 теңгеге, екінші өндірушіде 68 теңгеден 73 теңгеге қымбаттады. Тексеру кезінде ірі нан өндіруші компаниялардың қаржылық жағдайы жақсы екені анықталды. Тіпті, қос компания нан сатудан пайда тапқан, ешқандай да шығын келмеген. Шын мәнінде, олар бизнестің басқа түрінде шығын көріп, нан бағасын өсіруді жөн санаған. Негізгі себепті олар коммуналдық төлемдердің қымбаттауымен түсіндіреді. Ал коммуналдық төлемдер 2015 жылы қымбаттап, 2016 жылы, керісінше, төмендеген. Мәселен, электр энергиясының бағасы 4 пайызға арзандады», – дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев. Арман Курманалиев
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp