05 сентября 2019

Әлеуметтік маңызды жобалардың үздіктері анықталды

Байқау жеңімпаздарын анықтауда олардың әлеуметтік тұрғыда қаншалықты маңызды екені басшылыққа алынды. 2 кезеңнен тұратын байқауда ең үздік жоба иелеріне 500 мың теңге көлемінде грант берілді. Биыл өз жобаларын 26 автор ұсынған екен. Барлығы да жеңімпаз атанудан үмітті болып, өз жобаларының маңыздылығын дәлелдеуге күш салған. -«Байқау жүлдегерлеріне 500 мың теңге грант беріледі. Олар жыл соңына дейін осы қаражатты игеріп, жобаларын жүзеге асыруға міндеттеледі»,-дейді ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айболат Құрымбаев. Алдағы жылы осындай жоба иелерін қала аумағында ғана емес, облыс бойынша қамтып, жүлде сомасын арттыру жоспары бар. Байқау арқылы көмекті керек ететін белсінді жобаларға демеу жасалса, екіншіден олар көпшілікке үлгі жасалып, қоғамды қайырымдылық мәдениетті мен еңбекқорлық, жауапкершілікке үндейді дейді ұйымдастырушылар. Бұл орайда «Нұр Отан» партиясы дәстүрлі байқауға қолдауын көрсетті. Бірінші орын барлық талаптар ескеріле отырып «Үркер» өнер мен мәдениетті қолдау қорына табысталды. Басқа да маңызды, жақсы деген жобаларға қошемет көрсетіліп, назардан тыс қалмағы айтылды. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp