Өңірде кабель зауыты мен аяқкиім кәсіпорны ашылады

Кабель шығаратын кәсіпорын, құс фермасы, былғары аяқкиім өндірісі және тағы басқалар. obuv Өңірде осындай су жаңа жобалар іске қосылмақ. Жаңа өндіріс желілеріне отандық және шетелдік инвесторлар қаржы құйып отыр. Екінші жартыжылдықта 10 өнеркәсіптік жоба алғашқы өнімін шығара бастайды. Бесжүзге тарта жұмыс орны ашылады.  Өңір жаңа технологиялық-инвестициялық жобаларға сусап отыр. Бұл жақын арада мүмкін болады дейді мамандар. Қазіргі құбылмалы қаржы нарығында бірлескен кәсіпорындар ғана түрлі қатерлерге төтеп беріп келеді. Жыл басынан бері облыста 4 бірлескен кәсіпорын құрылған. Мәселен, «Стеклосервис» компаниясы финндермен бірігіп, есік пен терезенің жаңа заманауи түрлерін шығармақ. Ал екінші жартыжылдықта Белес ауылы маңында жаңа кабель зауыты іске қосылады. - «Орал кабель зауыты» жобасының құны - 1,5 миллиард теңге. Кәсіпорында 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың өнімі елді барлық өңіріне тарайды. Бұл италиялық компаниямен бірігіп құрылған бірлескен кәсіпорын, - дейді Батыс Қазақстан облыстық инвестициялар, туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Анвар НИЕТҚАЛИЕВ. Екінші жартыжылдықтаға ірі 10 жобаның біріжылына 6000 тонна құс етін өндіретін кәсіпорын. Қазіргі кезде шетелдік шеберлер жергілікті мамандармен бірге құрал жабдықтарды орнатуда. Ілкімді жобаны жүзеге асыру 95 адамды жұмыспен қамтиды. Құс еті мен құс тұқымының нарықтағы өсіп келе жатқан бәсекелестігіне қарамастан, кіші құс фермасының дұрыс ұйымдастырылған жұмысы табысты бизнес болып табылады. Құс фермасының негізгі бәсекелестері болып ірі құс фабрикалары табылады, оларда ет пен тұқымды өткізудің жеке нүктелері бар. Әдеттегідей, осындай кәсіпорындар бағаны жоғары ұстамайды, және тұрақты сатып алушылар базасын жасап алған. Ал жазда ашылатын «Пош-Руно» кәсіпорнында ірі қара мен ұсақ малдың терісі иленеді. Өңделген өнім әрі қарай жаңа зауытта жеңіл өнеркәсіпті дамытуға жол ашады. - Облыста Түркия елімен бірігіп аяқкиім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылады. Құны - 500 млн теңге. Шикізатты «Пош-Руно» зауытанан алады, - дейді басқарма басшысы. Ал Желаев астық өнімдері комбинатында макарон өндіретін жаңа цех іске қосылады. Бұл тек өнеркәсіптік ірі 10 жобаның ең негізгілері. Тұтастай алғанда олардың жобалық құны 10 миллиард теңге. Жалпы алдағы үш жылға отыз бес өндіріс орнын ашу жоспарланған. Оның сегізі шетелдік кәсіпорындармен бірігіп жүзеге асырылмақ. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp