12 мың халқы бар Оралдық саяжай тұрғындары елді мекен статусына зәру

12 мың халқы бар Оралдық саяжай тұрғындары елді мекен статусына зәру
"Зачаганский" бау-бақша серіктестігі Орал қаласының аумағындағы ең ірі серіктестік болып табылады. Алғашқы жер телімдері 1990 жылдары пайдалануға беріле бастады, алайда Совет үкіметі тарағаннан кейін тоқтатылып, 2007 жылдан бастап кайта жандандырылды. Қазіргі кезде мұнда екі мыңға жуық үй болса, оларда тұрақты түрде тұратын халық саны 12 мыңға жетіп жығылады. 12 мың халқы бар Оралдық саяжай тұрғындары елді мекен статусына зәру Фото Медет Медресов Халықтың басты проблемасы жол мәселесі мен мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандардың жоқтығы болып отыр. Мұның барлығын жасау үшін "Зачаганский" бау-бақша серіктестігіне елді мекен статусы берілу керек. Сонда ғана қала бюджетінен аталған проблемаларды шешу үшін қаражат қарастырыла бастайды. Бірақ 12 мың халқы бар серіктестікке жергілікті шенділер елді мекен статусын беруге асығар емес. 2014 жылдан бастап бау-бақша серіктестігінің төрағасы қызметін Асылбек Кабесов атқаруды. Осы уақыт ішінде ол бес қала әкімі мен екі облыс әкіміне халықтың талабын жеткізген болатын. Алайда баяғы жартас сол жартас... Туындаған мәселемен егжей-тегжейлі толығырақ бейнематериалдан таныса аласыз. Oz8K8BDJErg Бұл зерттеу/есеп/баяндама/контент (біреуін белгілеңіз) Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. (Ұжымның аты) ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp