Кез-келген әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары мүгедектерге қолайлы болуы шарт. Арбаға танылған жандар қоғамдық көліктермен де емін-еркін қатынай алуы керек.

Бөрлі ауданында арнайы мониторингтік топ бірқатар мекемеге рейд жүргізіп, кембағал жандарға жасалған мүмкіндіктерге зер салды.
Бөрлі ауданыдағы арнайы құрылған мобильді топ Ақсай қаласындағы ғимараттардағы пандустардың біркелкі болуын тексерді. Пандустар мекемелерге мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына ыңғайлы болуы шарт Жұмыс тобы барлық нысан алдындағы пандустардың мүгедектерге қаншалықты қолайлы екенін тексеріп, көлемін өлшеп көрді.
Жалпы бұндай тексерістер "Ақжайық-адалдық алаңы" жобасы бойынша тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы ауданда 100 мекеменің 72-сінде талапқа сай пандус қойылған. Яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл ғимараттарға еркін кіріп -шыға алады. Ал қалған 28 мекемедегі пандус түбегейлі өзгертуді талап етеді. Аудан бойынша 1388 мүгедек тіркеуде. Оның ішінде өздігінен жүріп-тұра алмайтын, яғни арбаға танылған 42, есту-көру қабілеттері бұзылған 115 жан және мүмкіндігі шектеуді 162 бала бар.
- Қаладағы пандустардың халыққа ыңғайлылығын тексеру үшін шаһардағы ғимараттарды аралап өттік. Қоғамда қамкөңіл жандарға тең мүмкіндіктер жасалу үшін қолайсыз пандустарды ауыстыруды тапсырдық. Мүгедектердің кез келген қоғамдық орынға барып қайтуына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керек. Жаңадан тұрғызылып жатқан ғимараттарда пандустар талапқа сай салынады. Өйткені нысанның жобалық сметалық құжаттамасында бұл көрсетіліп тұрады. Пандустардың дұрыс қойылмауы ескі ғимараттарда орын алып жатыр. Айтылған кемшіліктерге ғимарат басшылары құлақ асып, түзететіндерін айтты. Бұл тексеріс мұнымен тоқтамайды. Жүйелі жүргізіледі, - деп Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаев сендірді.
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Арман КУРМАНАЛИЕВ