17 декабря 2020

Ақсайлықтар көп қабатты үйдің балконына Қазақстан туын ілді

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде Ақсай қаласының тұрғындары қазақ еліне, туған жерге, Бөрлі ауданына деген патриоттық сезімін білдіру мақсатында көп қабатты үйдің балкондарына мемлекеттік туды ілді. Осылайша 10 шағын аудандағы тоғыз қабатты 21 үйдің тұрғындары терезелерін мемлекеттік тумен көмкерді. Ақсайлықтар көп қабатты үйдің балконына Қазақстан туын ілді Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлованың берген мәліметінше, Бөрлі ауданының жастары мен волонтерлері шараға өз еріктерімен белсене атсалысқан. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік рәміздерді көп қабатты үйдің қасбеті мен терезесіне ілуге рұқсат беруін қолдау мақсатында мемлекеттік туды ілген. Осылайша отаншыл жастардың идеясы көптеген ақсайлықтарға көтеріңкі көңі - күй сыйлады. - Тәуелсіздік - қастерлі ұғым. Ал туған өлкені сүю - жүректің ісі. Біздер, аудандық ресурстық орталығының жастары алғаш рет шараны ұйымдастыра отыра, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастырғымыз келді. Сырттай қарағанда көк туымыз өте әдемі көрінеді. Сонымен қатар желбіреп тұрған мемлекеттік тудан "KZ" деген жазуды байқауға болады, - деді ұйымдастырушы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Руслан Азаматов. Ал әлеуметтік желіден жаңалықты көрген ақсайлықтар жастардың игі ісін қолдап, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, лебіздерін білдіруде. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.   Жайнагүл Жеңісқызы
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp