Педагогтер алдында Абай атындағы ҚазҰПУ, Арнайы педагогика мамандығының PhD докторанты А.Б. Шадырова сөз сөйледі.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Құлсары қаласында "Ой-сана" психологтер қоғамдық бірлестігі ТШО компаниясының демеушілігімен "Инклюзивті білім бойынша педагог мамандарын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу" әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Географиялық жағынан жоба Атырау облысының барлық аудандары мен Маңғыстау облысының Боранқұл ауылын қамтиды.
Мақсаты - инклюзивті сыныптар, не топтар ашуға ниетті білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу, арнайы қажеттіліктері бар балалар келген жағдайда, барлық заңнамаларды сәйкес батыл түрде балаларды қабылдап,олармен кәсіби түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуге дайындау.
2023 жылдың 3-Мамыры жұлдызында берілген әлеуметтік жоба шеңберінде 2 вебинар өткізілді. Вебинарда спикер болып арнайы шақырылған қонағымыз Абай атындағы ҚазҰПУ, Арнайы педагогика мамандығының PhD докторанты Шадырова А.Б.сөз сөйледі. Тақырыбы: "Инклюзивтік білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері".

1-ші топқа вебинар Атырау уақытымен 11:00-13:00 аралығында өткізілсе, 2-ші топқа 14:00-16:00 аралығында өткізілді. Қатысушылар категориясы: Жылыой ауданы бойынша инклюзивті сыныптар, не топтар ашуға ниетті білім беру мекемелерінің директорлары, оқу ісінің орынбасарлары, балабақша меңгерушілері. Барлығы 60 адам қатысты.

Вебинар барысында қатысушылар өздерінің бірқатар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Жиі қойылған сұрақтар мыналар болды:
- Инклюзивті қолдау кабинеті мен Психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі -екеуі бір ме?
- Балада мүгедектік болмаса да инклюзивті бала болып есептеледі ме?
- Педагог мамандарына инклюзивті балалар үшін қалай және неше пайыз төленеді?
- арнайы мамандардың қажеттілігін қалай анықтап, штатта жоқ мамандарды қалай аламыз? т.б.
Вебинарға қатысушылар өздеріне қажетті сұрақтарға жауапалды.
Новости Компаний
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.