13 сентября 2017

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері медиацияны дамытудағы кедергілерді талқыланды

Медиаторлар, ХХІ ғасыр билері. Олардың міндеті дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей тараптарды татуластыру. Медиаторлар институты соңғы жылдары біздің елде де дами бастады. Елбасының жарлығымен бұл істі Қазақстан халқы Ассамблеясы берік қолға алып отыр. Медиаторлар, кәсіби және кәсібіи емес болып екі топқа бөлінеді. Бітімгершілікпен кәсіби тұрғыда айналысу үшін үш кезеңдік оқудан өту керек. Әрі кандидаттың жасы 25-тен асуы тиіс. Бірақ жиналғандар бұл талаппен келіспейді. - Менің ойымша 25 жасар адам медиатор болуға жарамайды. Медиаторлыққа жасы үлкен азаматтарды қабылдау керек. Бір сөзбен айтқанда өмірлік тәжірибесі болғаны жөн. Бұған қоса жоғары білімді заңгер болуы да шарт. Өйткені түрлі жанжалдарды шешуде заң талаптарын жан жақты білу маңызды дейді, - «ҚАЗИИТУ» ғылыми-білім кешені Құқықтық зерттеулер институтының директоры Бақыт Чингаева. Тағы бір түйіткіл медиаторлар туралы ақпараттың мардымсыздығы. Тіпті көпшілік мұндай институттың бар екенін де білмейді, сондықтан көмегіне жүгінбейді. Медиаторлар, мәселенің қалыптасуын мемлекеттік органдармен байланыстың әлісіздігінен көреді. - Кәсіби медиатор Мерхан Жангузова, заң орындарымен бірлесіп жұмыс жасағысы келетінін айтады. Әзірге бұл бағыттағы байланыс әлсіз. Сондықтан да әділдік іздеп бізге келетіндер саны жоспарлағандай көп емес. Жалпы халық арасында медиацияның мән маңызын түсіндіретін насихат жұмысын жандандару қажет дейді, - медиатор. Достық үйіндегі медиация кабинетінің қызметіне жыл шеңберінде 3 мың адам жүгініпті. 1800 кикілжің шешіліп, тараптар келісімге келген. Бітімге келудің аталған тәсілін дамыту мақсатында медиация кабинеттері ауылдық жерлерде де кеңінен ашылуда. Сондай ақ дәл осындай кабинеттер ашу бойынша, білім беру мен денсаулық сақтау саласының 13 мекемесімен меморандумға қол қойылған. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp