Бөрлілік шаруалар сандық технологияны кеңінен қолдануда

Бөрлі ауданында шаруалар мал өсіріп, егін егуде сандық технологияларды кеңінен қолдануда. Ауданда, әсіресе,ғарыштық бақылау құралдарына қызығушылық артқан. Фермерлердің дені күн батареяларын сатып алып, қызығын көруде. Заманауи технологиялырдың қай қайсысы да мал шаруашылығымен айналысу ісін оңтайландырады. В ЗКО задержали скотокрадов "Бекежанов" шаруа қожалығы сегіз жылдан бері атакәсіпті жандандырып келеді. 2000 гектар жерге мал азығын егіп, қорасындағы малына азық дайындайды. Өрісте жылқы, сиыр, қой жайылып жүр. Құс шаруашылығын да өркендетіп отыр. Қожалық жаңа технологияның игілігін көріп келеді. Енді қысы-жазы өрісте жүретін үйір-үйір жылқылардың бағытын телефон арқылы қарап, біліп отырады. - Жүзге жуық жылқымыз бар. Олар үйір-үйірімен жүргендіктен арасындағы бір-екеуіне ғана арнайы GPS трекер құрылғысын тағып қойдық. Жылқылардың бағытын сағат сайын телефоннан қарап отырмыз. Бұл бақташыларлдың жұмысын да жеңілдетіп отыр. Құрылғы тек аудан көлемін емес, облыс көлемін көрсетеді. Біз әкемзге жаңа технологияны шаруашылықта меңгеруге көмектесеміз, - дейді "Бекежан" ШҚ жұмысшысы Мақсат Бекежанов. Атадан қалған кәсіпке адалдық танытып жүрген қожалық бірнеше жыл бұрын күн сәулесінен қуат алатын қондырғы орнатқан. Оған тиісінше мемлекеттен субьсидия да алды. Қожалық қала іргесінде болса да, жарық жиі сөнеді. Сондайда күн батареяларының көмегі зор. Қожалық электор бақташы құрылғысын да сатып алған. Жақын күндері орнататын болады. Ұзындығы 54 шақырымды құрайтын электр желісі малдың тек белгіленген жерде жайылуына, өзгенің егісіне түспеуін қадағалайды. Бөрлілік 36 шаруашылық күн сәулелі панелін орнатып, пайдасын көріп отыр. Соның 26 тек өткен жылы орнатқан. Биылғы жылы тағы 20 қожалық заманауи технологияны сатып алуға ниетті. Осылайша бөрлілік шаруалар, жасыл экономиканың тиімділігін көруде. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp