«БатысМарқаЛамб» ЖШС алғашқы экспорттық өнімін шетелге шығарды

«БатысМарқаЛамб» серіктестігі Иранға мың жарым тонна тоңазтылған қозы етін экспорттамақ. Бұл жоба жергілікті кәсіпорын мен парсының «Санаие» комапниясы арасындағы келісімнің негізінде іске асып отыр. Он сегіз тонна көлеміндегі алғашқы өнім жиырма бірінші шілдеде жөнелтілді. Яғни, марқа еті алдымен жүк көліктерімен Ақтау қаласына, кейін ұшақ арқылы Тегеранға жеткізілмек. markalamb - Қазақстандағы мал еті өте құнарлы. Сондықтан екі ел арасындағы достық байланысты пайдалана отырып, әріптестік қатынасты нығайтып отырмыз. Алғашқы өнім аттанды. Енді аптасына үш мәрте марқа етін қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасады дейді, - ирандық компания өкілі Хададзаде Хади. Ет зауытына арнайы келген ирандық компания өкілдерінің арасында, ветеринарлық дәрігер мен имам да бар. Олар, өнімнің сапасын және «Халал» стандартына сәйкестігін қадағалайды. Өз кезегінде ірі келісімшарт, облыстағы қой шаруашылығының өрістеуіне әсер етпек. - Экспорттың артуы, қойға деген сұранысты арттырады. Яғни, өңірдің шаруашылықтарына жаңа мүмкіндіктер туады. Бұл жалпы алғанда облыс экономикасы үшін маңызды қадам дейді, Батыс-Қазақстан обласының әкімі Алтай Көлгінов. Кәсіпорында қойды союдан бастап, етті өңдеп, қаптамаларға салуды қамтитын бірнеше желі бар. Ал бөлшектенген ет өнімдері тоңазытылған күйде сақталады. Бұл оның пайдалы қасиеттерінің жойылмауына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта экспорт көлемін ұлғайту көзделген. - Қазіргі таңда біздер Қытайдың кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізудеміз. Оның барысы жаман емес. Қыркүйектің соңына таман аспан асты еліне ет экспорттай бастаймыз. Бұған қоса Ресейлік компаниялармен де байланысымыз мығым. Екі жақты байланыс жанада түспек. Сондықтан біздің компания үшін қазір экспорттың үш бағыты айқындалып отыр дейді, «Батысмарқаламб» ЖШС акционері Рахымжан Исмағамбетов. Жергілікті және ирандық кәсіпкерлер арасындағы әріптестік қатынас, өткен жылғы Елбасы сапарынан соң жандана түсті. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының бірнеше компаниясы парсылық бизнесмендермен іскери байланыс орнатқан. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp