Соның ішінде 11 808 балғын мектеп табылдырғын тұңғыш рет аттап отыр.

Білім саласы әрқашан кең қолдауға ие. Өйткені мемлекеттік саясат білім-білігі жоғары, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да айқын көрініс тапқан.
- Еліміздегі ең алғашқы мектептің негізін 1841 жылы, Жәңгір хан қалады. 24 жыл өткен соң Ыбырай Алтынсарин мектеп ашты. Сол аталармыздың ізін жалғастырып, сапалы білім беруге мән берудеміз. Жаңа мектептер салынып, ескілері жаңартылуда. Білім ұялары замануи құрал-жабдықтармен жарақтандырылуда деді, - Назарбаев зияткерлік мектебіне жиналған жұртшылықты құттықтаған облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Мәселе, өткен жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 133 оқу ошағы роботты техникамен қамтылды. Бұған қоса шағын жинақты мектептерге мультимедиялық жабдықтар жеткізілді. Ал биыл «білім медиа» оқу порталына барша мектептер қосылды.
- Назарбаев зияткерлік мектебі үшін биыл ерекше жыл. Қазан айында ашылғанына 5 жыл толады. Бұған қоса осы оқу жылында мектепті 12 жылдық білім жүйесі бойынша оқыған шәкірттер бітіріп шығады дейді, - оқу орын директоры Шолпан Қадырова.
Биыл 680 өрен зияткерлік мектепте оқуға ынта танытқан. Алайда қатаң іріктеуден соның 80-і өтіп, 7-ші сыныпқа қабылданды. Жалпы таңдаулы оқу ошағында 586 бала білім алатын болады. Әрине білім сапасы да басты назарда. Педагогикалық ұжым жаңартылып, білікті мамандармен толықтырылды. Ішінде 10 шетелдік мұғалім де бар.
Білім күні, үш ай демалыстан тынығып шыққан балғындар үшін нағыз мереке. №7 мектепте де асыға күткен алғашқы қоңыраудың үні сыңғыр қақты. Жалаушасын желбіретіп, қиялы қияға самғаған балаларын сыртынан бақылаған ата-ана да бүгін қуанышты.
- Біздің баламыз бірінші сыныпқа барды. Өте қуаныштымыз. Әрине алда маңызды күндер тұр. Баламыздың сапалы білім алуына бар жағдай жасауға тырысамыз дейді, - қала тұрғыны Александра Курманова.
Ұстаздар қауымын, балалар мен ата-аналарын білім күнімен құттықтаған өңір басшысы, бірінші сынып оқушыларына Елбасы кітабын табыс етті. № 11 дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернатта облыс әкімі Алтай Көлгінов, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Оларды ұдайы білімін жетілдіруге шақырып, өзін өзі тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Сондай ақ жастарды толғандырған сұрақтарға да жауап қатты. Ал № 21 мектепте болған өңір басшысы, оқу ошағын жөндеуді қажет ететін нысандар тізіміне енгізуді тапсырды.