«Қыз Жібек» көркем фильмінің түсірілгеніне -55 жыл!
1970 жылы Алматы қаласында «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы кесілді.
Биыл бұқара халықтың сүйікті фильміне айналған «Қыз Жібек» көркем фильмінің түсірілгеніне 55 жыл толды. Бұл мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Көркем туындының алғашқы атауы «Аққу» деп аталған. Фильмнің сценарийі 1944 жылы жазылған.
Көркем туындының тұсауы 1970 жылы Алматы шаһарында «Целинный» кинотеатрында кесілді Бүкілодақтық премьера 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті.
Фильмде Жібек рөлін сомдау үшін 400 жуық бұрымды өтініш білдірген. Олардың тек он бесі ғана Жібектің құрбылары ретінде рөл сомдауға бекітіліпті. Ал, бас рөлді Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков сомдады.
-Алматыдағы «Сувенир» фабрикасы қақтаған күмістен, ақ жалтыр темірден батырлар мен қыздардың киімдеріне қажетті жүздеген әшекей жасап шығарды. Төлегеннің ақсауыты мен Жібектің бүрмелі көйлегі бұл күнде «Қазақфильм» мұрағатында сақтаулы,-деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақ кинематографиясында құнды жәдігерге айналған туындының режиссері- Сұлтан Қожықов, сценарий авторы – Ғабит Мүсірепов, фильмнің музыкасын Нұрғиса Тілендиев, сөзін Қадыр Мырза Әлі жазған.