Екпеден бас тартқандардың саны артқан 

Өңірде бір жылда екпе алмаған балалардың саны бірден 300-ге өсті. Қазір жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация салынбаған 900-ге жуық сәби тіркелген. Өзекті мәселеге қатысты екпе жасатуға қарсы ата-аналар мен дәрігерлер бір үстелде бас қосып, ой-пікірлерін ортаға салды. grip2 Дәрігерлер екпе жасамаудың соңы жаппай эпидемияға соқтыруы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Екпе алмаған баланың полимелит, күл секілді айықпас дертке шалдығып, мүгедек болуы, тіпті өліп кетуі оп-оңай. Орал қаласындағы №5 емхананың өзінде 113 баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Дені діни көзқарасы бойынша келіспей отыр. Бүгін дәрігерлер олармен кездесіп, ой-пікірлерін біліп, сауалдарына жауап берді. - Менің балам сау. Мен оған неге вакцинация жасатуым керек? Мысалы, неге адамдар мен жануралар, құстардың организмі бірдей, бірақ біз екпе алуымыз керек те, оларға екпе салынбайды. Олар да өмір сүріп жатыр ғой, қырылып қалмай. Сосын сіздер менің баламды қоғамға қауіпті дегіңіз келіп тұр ма? - дейді кездесуге келген бір тұрғын. Бұл сұраққа №5 қалалық емхананың балалар дәрігері Айкөркем ЕРЖАНОВА былай деп жауап берді: - Біріншіден, адам мен жан-жануарды салыстыруға келмейді. Олар ауырса, сол күйі жазылмай, өліп қалады. Ал адам саналы ғұмыр иесі болғандықтан, ол өзін-өзі күту керек, енсаулығына қарауы керек. Сондықтан да қазір адам жасы ұзақ. Бұл ғылымның, өркениеттің жетістігі. Екіншіден, сіздің балаңызды қоғамға қауіпті деп тұрған жоқпыз. Тек вакцина алған бала мен вакцина алмаған баланың айырмашылығы бар. Екеуі де ауырғанда екпе салған балада ауру жеңіл түрде өтеді. Ал екпе салмаған бала аурудың ауры түріне шалдығады. Оның жазылуы да қиын болады. Екпе егу еріккеннің ісі емес. Вакцинация адамның шарана кезінен бастап, Ұлттық күнтізбелік жоспар бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Талапқа сай халықтың 95 пайызы жүйелі түрде екпе алу керек. Ал қазір кей адамдар ғаламтордаға дәйексіз ақпаратқа сенеді. Бірі вакцина өндірісін бизнес көзі деп біледі, енді бірі оның құрамына күмәнданады. Оған негіз жоқ дейді мамандар. - Облысымызда 2014 жылы екі рет көкжетел – коклюш ауруы тіркелді, екпе алмағанның себебінен. 2015 жылы бір бала туберкулезбен тіркелді. Ол да екпе алмағанның салдарынан. Мен 100 пайыз айта аламын, вакцинаның құрамында ешқандай да доңыздың майы жоқ, спирт жоқ. Интернеттегі жалған ақпараттарға сенудің мүлдем қажеті жоқ, - дейді балалар дәрігері Айкөркем ЕРЖАНОВА. Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде алғашқы бес айда 30 тұрғын райынан қайтып, баласына екпе еккізуге келіскен. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp