Бұл өңірдегі іргелі жоба. Кәсіпорында құс етін дайындаудың кластерлік жүйесі қалыптасқан. Яғни, инкубаторда жұмыртқаны басудан, балапанды өсіріп, тауық қылып сою және етті өңдеудің өндірістік тізбегі жолға қойылған.

Нәтижесінде фабрика жылына 7 мың тонна тоңазтылған құс етін өндіретін болады. Алып кешен замануи құрал-жабдықтармен жарақтанған. Ал алдағы уақытта мұнда құрама жем зауыты салынып, құстың азығына кететін шығынды азайту жоспарланып отыр.
- Тауықтың жұмыртқадан шығып сойылғанға дейінгі уақыты 42 күнді құрайды. Осы аралықта оған дәруменге бай құнарлы азық беріледі. Бұл құстың тез салмақ жминауы үшін қажет. 180 адам жұмыспен қамтылады. 8 қызметкер Польша және Беларуссия мемлекеттеріне барып оқып келді. Технологияны игеруге толық дайын, - дейді «Жайық Агро ЛТД» директоры Темірғали Ескендіров.
Ауылшаруашылығы саласында шикізат бағытынан өнімді қайта өңдеуге көшу керек. Жалпыхалықтық телекөпірде осылай деген Елбасы, өңірдегі құс фабрикасының ашылуын оң бағалап, жұмысына табыс тіледі.
- Біздің аграрлық сала, Қазақстанның өсіп-өркендеу жолының негізгі күшінің біріне айналуы керек. Себебі жылдан жылға дүниежүзінде халық көбейіп, азық-түлікке сұраныс артып келе жатыр. Сондықтан қайта өңдеуге артықшылық беруіміз керек. Мына өндіріс бізге аса қажет, - деді жалпыхалықтық телекөпірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Жобаның жалпы құны 4,2 миллиард теңге. Аталған қаржының 85 пайыздан астамы мемлекеттік бағадрлама аясында берліген жеңелдетілген несие болса, қалғаны кәсіпорынның өз қаржысы. Өз кезегінде өндірілген өнімнің 90 пайызын жергілікті нарыққа жол тартады. Тиісінше шеттен келетін импорттың көлемі төмендейтін болады.
- Осыған дейін 10 мың тонна құс етін импорттаған болатынбыз. Қазіргі уақытта кәсіпорын жаңа өндірісті қоса отырып, 7 мың тонна ет өндіруді мақсат етіп отыр. Тіпті экспорттауға да мүмкіндік бар, - дейді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.
Индустрияландыру картасы аясында өңірде биыл он жоба жүзеге асып, жаңадан 550 жұмыс орны ашылды.
Арман КУРМАНАЛИЕВ