Көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактісін алдын алу

Жаз кезі - бұл адамдардың табиғат аясына демалуға шығатын керемет кез. Жазда балалардың көптен күткен жазғы демалыстары да басталады. Өкінішке орай, осы уақытта адамдардың жарақат алу, суда қаза болу, жол-көлік оқиғалары және де тұрмыстық, табиғи өрттер санының өрістеуі байқалады. dom-illustrativka Балалар жарақаты тек қана Қазақстанда емес, көптеген әлем елдерінің кең көлемдегі әлеуметтік мәселелеріне айналды. Бұны түрлі жарақаттардан балалар өлімінің жоғары деңгейлігінен көруге болады. Облыс бойынша кәмелетке толмағандардың алған жарақаттарымен медициналық көмекке жүгіну саны орташа алғанда 4500 шамасында. Мәселен, ағымдағы жылғы 6-21 шілде аралығында республикада көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен адам құлаған 14 оқиға болған, онда 3 адам қаза тапқан және 12 адам ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендердің негізгі бөлігін(11) 2 мен 7 жас аралығындағы балалар құрайды. Аталған кезеңде қайғылы оқиғалардың көбісі Қарағанды (8), Жамбыл облыстары мен Астана қаласында (3) болған. Қайтыс болғандардың анықталған негізгі себебі ата-аналардың қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады. Ағымдағы жылғы 2-тоқсанның өзінде терезеден (Жамбыл мен Қарағанды облыстарында 7 фактіден; Астана қ.– 6; Алматы қ., Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары 2 фактіден; Атырау облысы – 1) адам құлаған (барлығы балалар) 31оқиға болғанын атап өткен жөн, соның салдарынан 7 бала қайтыс болып, 24 әртүрлі жарақатымен емдеу мекемелеріне жатқызылған. Батыс Қазақстан облысы аймағында көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен адам құлау фактісі тіркелген жоқ. Барлық балалар, жаңаны түсінуге ниетенеді, ал терезе оны жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады. Терезе, соның ішінде ашық терезе, үйдегі ең қауіпті жерлердің бірі. Сондықтан терезелер жанында орындықтар, үстелдер, бүйір үстелдер қою кауіп туғызады. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, есте қарапайым, бірақ өмірлік маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: - ашық терезе немесе балкон жиегіне баланы жақындатпаңыз; - терезе жабылып тұрған кезде де терезенің алдына балаларды шығармаңыз; - балаларға терезелерді жууға, перделерді ілуге рұқсат етпеңіз. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp