Коммуналдық апаттар бойынша мәселені шешетін «109» нөмірі іске қосылды

Жоба «Орал қаласының авариялық-коммуналдық қызметі бойынша қалалық бірыңғай 109 Сall-орталығы» деп аталады. Жаңа жүйе бойынша ашылған орталықта 12 оператор тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Орал қаласында жұмысын бастаған авариялық-коммуналдық қызметте шетелдік тәжірибе қолданылған. Оның көмегімен, жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен авариялық жағдайларды тез арада шешуге болады. Бұрынғыдай әр түрлі мекемеге хабараласудың қажеті жоқ. Тек бірден телефоныңыздан «109» нөмірін терсеңіз болғаны. Орал қаласы әкімдігі мен облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы жобаны бірлесіп жүзеге асыруда. Әзірге жоба тестілік режимде барлық коммуналдық кәсіпорындардың тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауын бір жолға қойып алмақ. Қанатқақты жоба 1-наурызда іске қосылса, сол кезден бастап 2000нан аса тұрғынға көмек көрсетіліпті. -«Аталмыштың қызметтің қажеттігі бірыңғай байланыс орталығына хабарлаусышыларға жүргізілген мониторингтен соң пайда болды»,-дейді компанияның басқарушы директоры Андрей Локтев. Қысқы, көктемгі уақытта халықты қар мен еріген судың мәселесі мазаласа, қазіргі күні тұрмыстық қалдықтарды жинап, күл-қоқысты дер кезінде шығару мәселесі жиі толғандыратын көрінеді. «109» телефон нөміріне хабарласу арқылы әр тұрғын уақытын үнемдеп, туындаған келеңсіздікті дер кезінде шеше алады. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp