Қазіргі кезде «Сұлтан» базарын бұзу жұмыстары басталып кетті. Осыған байланысты базардағы сатушылар өзге орындарға көшіп кеткен.

Еуразия даңғылының бойында орналасқан базардың орнында 5 қабатты тұрғын үй бой көтермек. Сатушылар айдалада қалмас үшін балама орындар ұсынылып отыр. «Сұлтан» базары 20 жыл бойы жұмыс жасағандықтан осы аудан тұрғындарына ыңғайлы, әрі үйреншікті сауда орны болатын. Алайда нарықты жаңғырту бағдарламасы шеңберінде мұндай орындар біртіндеп жабылып жатыр.
-«Біз осы жақын жердегі базардан бар керегімізді, балғын, жерігілікті өнімдерді сатып алып үйренгенбіз. Үйіміз осы маңда. Үйдегі ата-әжем де базардың тұрықты тұтынушысы еді. Бала кезден көзіміз үйренген базарды бұзып жатқаны көңілімді түсіріп жіберді»,-дейді қала тұрғыны Мөлдір Қабдолова.
-«Орал қаласында 24 базарды кезекпен осылайша жауып, орнына заманауи сауда үйлерін немесе әлеуметтік нысандар тұрғызу жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз сатушыларға өзге ғимараттан орын ұсынып отырмыз. Ол орын да осы маңда орналасқан. Қазір ғимараты жөнделуде»,-дейді Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Исатай Джазыкбаев.
Арман КУРМАНАЛИЕВ

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.