Орал қаласында 11 жер телімі аукционда сатылды

Бұл кезекті рет өткізілген аукционның бірі. Сатыққа облыс орталығы мен Круглоозерный, Зашаған кентінде орналасқан 11 жер учаскесі қойылған. Аукционға шығарылған жер телімдеріне ие болған адам оны кадастрлық құны бойынша сатып алуына болады. ҚР-ның «Жер кодексінің» 48-бабына сәйкес, коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін аукционға қойылған жер телімдерінің тек 3 жылға жалдау құқығы саудаланады. Егер 3 жыл ішінде жер игерілмегені анықталса, қайтадан мемлекетке қайтарылмақ. Яғни ҚР Жер кодексінің 92-ші және 94-баптарына сәйкес, жер телімі кері мемлекетке алынады. Жалға алу құқығының үш жылдық мерзімі аяқталған соң, кәсіпкер кадастрлық құнын қоса төлеп, жер телімін өз меншігіне аудара алады. Шарада жер учаскелері қолжетімді бағаға сатылып кетті. Ең қымбат дегенінің бағасының өзі сатып алушыға тиімді болды. Кезекті аукцион өткізілетіні жөнінде тиісті заңға сәйкес, күнтізбелік 15 күн бұрын хабарланған. -«Аукционға қатысуға деген қызығушылық артып отырғаны байқалады. Ендігі мақсат-жер телімдерін пайдаға жаратып, шаруа қожалықтарын гүлдендіру. Айта кетейік, елімізде жер телімдерінің 40 пайызға жуығы мемлекет меншігінде болып келген еді. Енді шаруалар мен кəсіпкерлер оны жеңілдікпен аукционда сатып алу мүмкіндігін белсенді пайдалануға көшуде»,-дейді жер қатынастары бөлімінің мамандары. Аукцион Достық-Дружба даңғылы, 182/1 мекен-жайындағы əкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залында өтті. Коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы және жарнама нысандарын орнату үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату  ағылшындық әдіспен оздырылды.   Аукционға барлығы 11 лот бойынша 44 өтініш келіп түссе, оның ішінде 25 адам қатысқан. Аукцион қорытындысына сәйкес 11 жер учаскесіне жалға беру құқығының ең төменгі құны 122000 теңге, ал ең жоғарғы құны 11500000 теңгеге бағаланған. Кезекті аукционның қашан өтпегі алдын ала жария етілетін болады. Естеріңізге сала кетсек, Орал қаласында өткізілген алғашқы аукцион 2017 жылдың мамыр айында өтті. Сонда аукционға Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының 1 және 2-кезеңінен 8 жер телімі ұсынылды. Аукционға барлығы сегіз лот бойынша 14 адам қатысты. Аукцион қорытындысына сәйкес 8 жер теліміне жалға беру құқығы 197 мың теңгеден бастап 1 млн 301 мың теңгеге дейін сатылды. Кәсіпкерлер сатып алған жерлерін Деркөл кентінің жаңа шағынаудандарындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тек өз мақсатына пайдалана алады. Аукцион жер телімдерін жалға беру құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен өткізілді.   Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp