Орал қаласында биыл 2 жаңа мектеп салынады

Оның біріншісі - Зашаған кентінде №51 мектептің құрылысы, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Ет комбинаты ауданында орналасқан №33 ЖОББМ-тің орнынан жаңа мектеп бой көтермек. 1935 жылы салынған ғимарат әдбен ескеріп, апатты жағдайда тұрған болатын. Енді ол бұзылып, осы жерде 300 орындық білім ордасының қабырғасы қаланғалы отыр. Мектеп құрылысына 1,3 млрд. теңге бөлініпті. Бұл жөнінде ҚР Парламент сенатының депутаттарына облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев айтып берді. Осы оқу жылында облыс орталығында №31, 33 орта мектептер апатты жағдайда жұмыс жасап келген болатын. Ет комбинатындағы №33 мектептің оқушылары сәуір айының аяғынан бері №2 ЖОББМ-ке көшіріліпті. Бұдан өзге биыл Зашаған кентінде №51 мектептің құрылысы басталмақ. -«Мектептердің апаттылығын жою мақсатында 2 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Сонымен қатар, биыл Қазталов ауданы Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектеп, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл жұмыстарға 5,3 млрд. теңге қарастырылды»,-дейді БҚО құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев. Оралда бүгінде 4 мектеп үш ауысымда жұмыс жасауда. Келер жылы Зашағанда осы мәселені шешу үшін тағы бір мектеп салу жоспарланып отыр. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp