20 октября 2017

Орал қаласында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

 Аталмыш шара өңірімізде 7 мәрте оздырылып отыр. Батыс-Қазақстан облысының аумағында қызмет жасайтын елу шақты мекеме бос жұмыс орындарын ұсынуға атсалысыпты. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға жәрдемдесу мақсатында оздырылған шараға қатысушылар легі белсенді болды. Ағымдағы жылы жұмыссыз жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі аясында 128 мекеме қатысып, 114 батысқазақстандықтар жұмысқа орналасыпты. Бүгінгі таңда өңірімізде 8000 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасу мақсатында түрлі мекемелерге жолығыпты, олардың 3012-сі ресми түрде жұмыссыз деп танылған. -«Қыркүйек айынан бері жұмыссызбын. Өзімнің маамандығым техник-технолог. Бүгінгі жәрмеңкеге түйіндемемді алып келдім. Мамандығым бойынша жұмыс іздеймін. Осындай бос орындар жәрмеңкесі сияқты шаралардың жиі өткізілгенін құптаймын. Бұл арқылы көптеген жұмыссыз адамдар жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады деп ойлаймын»,- деген  өз ойын айтты Орал қаласының тұрғыны Арман Молдашев. - Осындай жәрмеңке жастарға керек, өйткені  қазіргі кезде жұмыс табу қийындап барады, - дейді Орал қаласының тұрғыны Әлия Сақошева. Жастардың басым бөлігі жәрмеңкеде жұмыс өтілдерінің болмауынан жұмысқа орналаса алмаса, егде жастағылар жасы ұлғайғаны үшін қабылданбай, зардап шегетіні жасырын емес. Аталмыш мәселе-ұзақ жылдардан бері байқалып келеді. Жастар тарапы бұл орайда өздерін ешкім қызметке алмаса тәжірибе қайдан болады дегенді уәж етеді. Дегенмен орта жастағы, білімі мен білігі талапқа сай келетін мамандарға сұраныс зор болып тұр. Жәрмеңкеде тағы бір байқалғаны-жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың артуы. Сондықтан қос-қостап дипломын сандықта сақтамас үшін жастар қажетті мамандықтарды таңдауға көңіл бөлгені дұрыс. Жәрмеңке барысында 50-ге жуық мекеме қатысты. Қазіргі таңда еңбек нарығында жұмысшы мамандықтар, құрылыс саласында қызмет жасайтын мамандар сұранысқа ие. Жетінші рет ұйымдастырылып отырған шараға өңіріміздің аудандары да қатысқан еді. Ауылдық жерде мұғалім және дәрігерлерге деген сұраныс басым. Бос орындар жәрмәңкесі аясында тұрғындардың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі семинар-тренинг ұйымдастырылған еді. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp