Аталмыш мереке қазақ халқынының бағзыдан заманнан келе жатқан әдеп-ғұрыптарын өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған. Мәдени шараға байланысты жаңа алаңда өңіріміздің студенттері қазақтың салт-дәстүрінен көрініс қойып, әдет-ғұрыпты жаңғыртуға үлес қосты. Ал облысымызға қарасты барлық аудан өкілдері киіз үй тігіп, ұлттық тағам түрлерін мерекеге келушілердің назарына ұсынған еді. Облыс орталығында тұңғыш рет оздырылған шара Ақжайық өлкесінде Қазақстан халқы Ассамблеясынының мұрындық болуымен «Этностар күні» аясында өтуде.

Аталмыш мереке қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтап, ұрпаққа аманаттау мақсатын көздейді. арналған. «Дәстүр» көпшілік-мәдени шарасы кезінде әрбір оқу орны тарихи маңызы бар салт-дәстүр түрлерін сахналап, қала тұрғындарының назарына ұсына білді.
Қазақ халқының салт-дәстүрі баяндалған мереке аясында Қадыр Мырза Әли атындағы мәдени орталықтың алдында өңірімізге танымал ақын-жазушылар Ақжайық жастарымен кездесіп, әдет-ғұрып туралы келелі кеңестерімен бөлісті. Аудандардың ішінде Ақжайық ауданы ерекше көзге түсіп отыр. Аталмыш аудан 3 бірдей ақ отау құрып, мерекеге үлкен дайындықпен келіпті.
Ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап қалу үшін бұл мерекені атап өтудің маңызы зор болғалы тұр. Біртендеп көпшілік арасында осы күнді атап өтуге бет бұратындар саны артса, нұр үстіне нұр болмақ. Сол себепті жыл сайын мейрам ретінде «Дәстүр» мерекесін өткізуді дәстүрге айналдыру жоспары бар. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов арнайы келіп қатысып, көпшілікке ұлттық құндылықтарды сақтауда ел ішінде атқарылып жатырған жұмыстар-жастардың санасына салт-дәстүрді сіңіріп, тарих пен мәдениетті тереңнен ұқтыру үшін қажет екенін атап өтті.
Қазақ халқының әдет-ғұрыпы жайында баяндалған көпшілік мәдени-шара өңіріміздің өнер ұжымдары даярлаған мерекелік концертпен қорытындыланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.
Арман КУРМАНАЛИЕВ