17 декабря 2017

Орал қаласында республикалық қысқы спорттық ойындардың ашылу салтанаты өтті

Орал қаласының мұз сарайында өткен шараға Қазақстан республикасының түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, допты хоккейден бақтарын сынады. Төртінші қысқы ойындардың ашылуына Петропавл, Өскемен, Көкшетау, Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан келген командалар қатысты. Допты хоккей ойынымен шымылдығы түрілген салтанатты шара Орал қаласының мұз сарайында өткен болатын. Олардың алғашқысы болып, елорда хоккейшілері мен жерлестеріміз бақ сынасты. - Жарысқа 8 команда қатысып отыр. Олардың қай-қайсыда да мықты, дайындықтары жоғары деңгейде. Біздің мақсатымыз-салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен айналысуға жағдай жасау. Елімізде қысқы спорт түрлері жақсы дамып жатыр, - дейді «Ақжайық» спорт клубының бас директоры Азамат Шайхы. «Ақжайық» хоккейшілері алғашқы сәттен 1:0 есебімен басым түсіп, қонақтарға мықтылықтарын мойындата білді. - Оралдың ойыншылары мықты екен. Бірден ұпай ашты. Мен өзім осы спорт түрімен 7 жасымнан бастап айналыстым. Өзіме қатты ұнайды. Болашақта допты хоккейден әлемдік деңгейде шеберлігімді дамытып, білікті спортшы болғым келеді. Алға қойған мақсаттарым зор. Бұл ойында бастысы жеңіс емес. Біріміз де қазақтың балаларымыз. Кім ұтып, кім ұтылса да, ойынның деңгейі жақсы. Мен барлық командаларға сәттілік тілеймін, - дейді "Астана" хоккей командасының ойыншысы Тұрар Қонысбаев. Жарыс желтоқсанның он бесінші жұлдызынан жиырма біріне дейін өтеді. Алдағы күндері дода «Стеновик» стадионында жалғасады. Айта кетейік, бұл республикалық деңгейдегі шара. Сол себепті еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған жас спортшылар тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдайды. Ал төрешілер Орал қаласында қысқы спорт түрімен айналысуға жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Қазіргі кезде Орал қаласында қырық мұз айдынын құю жоспарланып отыр, осы жоспар бойынша жұмыстар басталды. Жарыс жеңімпаздарына марапат көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілмек. Жанкүйерлерге айта кететін жәй, "Стеновик" стадионы Орал қаласының Зашаған кентінде Азербайджанская көшесынде орналасқан. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp