Өңірдегі төрт жоғары оқу орын студенттері, «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясына үн қосты. Ауқымды шара Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де өтті. Жастар – қоғамның қозғаушы күші.

Сондықтан ел ертеңі деп үміт артқан буын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудан тыс қалмақ емес. Туған жерді сүйіп, елге еңбек ету де рухани жаңғыру деді, - жастар алдында сөз алған белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев. Жалпы акция жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталып отыр.
- Акция арқылы біздер бейресми түрдегі жастардың жүздесуін ұйымдастырып отырмыз. Бастысы жастарға ой салу, оларды қоғамдық өмірге белсене атсалысуға шақыру. Әсіресе ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені білімді, мәдениетті жас, елімізді өркенді дамуының кепілі дейді, - БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев.
Шараға 4 іргелі оқу орын студенттері қатысты. Біліммен қаруланған жастар, бәсекеге қабілетті ұлттың негізін қалайды. Әрине ана сүтімен дарыған тілімізді ұлықтап, бабадан қалған салт-дәстүрімізді құрмет тұту да ұлттық болмысымызды айшықтай түспек. Жастар бағдарламаның маңыздылығын жете сезініп отыр.
- Елімізде болып жатқан әрбір оқиға, іс шара мені толғандырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен таныса отырып, Қазақстан болашағының баянды боларына сенімім артты. Стратегиялық бағдарламадағы бағыттарды орындауға Ақжайықтың жастары дайын. Елдің ертеңі үшін бар күш-жігерімізді жұмысаймыз дейді, - студент Ақтоты Жанұзақ. -" Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ¬сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет¬кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс¬тары¬мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты¬руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң¬ғыру¬ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқарды",деді президент.
Акция түрлі ойын-сауық шараларымен өрілді. Жастар өнерлерін ортаға салып, білім викториналарында сынға түсті. Ал жас көшбасшылар мен қоғамдық ұйым жетекшілері жеткен жетістектерін жария етті. Шара соңы флешмобпен аяқталды.

Арман КУРМАНАЛИЕВ