30 октября 2019

Орал қаласында «Zhas project» бағдарламасы аясында 51 жоба жұмыс жасап жатыр

Биыл өңірде әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмектесемін деген жастарға арналып, 1 миллион теңгеге дейін грантттар берілген болатын. Қатысушылардан 700-ден астам өтініш келіп түскен. Осы гранттарды 221 батыс қазақстандық иеленді. Олардың арасында 203 жоба қатысушысы жұмыстарын жалғастырып, әлеуметтік аз қамтылған топтағы жандарға көмектесіп жатырғаны анықталды. -«Жобаны үйлестіруде əлеуметтік жағдай ескеріледі. Аз қамтылған, көп балалы отбасы мүшелеріне қолдау бар. Ересектер де өз жобаларын жүзеге асыра алады»,-дейді «Zhas project» жобасының өңірлік үйлестірушісі Оралбек Жандауов. -«Мен өзімнің 3 құрбыммен бірге жобаға қатысқан болатынмын. Әлеуметтік аз қамтылған жандардың шашын қиып, түрліше сәндеп беріп жүрміз. 980 мың теңгедей сомаға қажетті құрылғына сатып алдық. Болашақта осы тәжірибені пайдаланып, кәсібімізді дамытқымыз келед»,-дейді бағдарламаға қатысушы Айнара Тулепова. Жұмыссыз жүрген жастарды, ауылдағы жас өркенді еңбекке баулуды көздейтін жоба алты өңірде жүзеге асқан болатын. Қараша айында жоба мәресіне жетпек. Айта кетейік, «Жас проджект» бағдарламасы аясында 51 жоба Орал қаласында жұмыс жасап жатыр. Грантқа ие болған жобалар әртүрлі. Қазіргі кезде ең қажетті деген қызметтерді көрсетуге басымдық беріп отыр. Жылыжай салып, жергілікті өніммен қамту, тағамдар немесе тәтті бәліштер пісіру, сондай-ақ шаш қию сынды жобалар іске асып жатыр. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp