Орал қаласының әкімі апатты үйлердің жағдайымен танысты

Шаһарымызда апатты деп танылған 43 тұрғын үй бар. Олардың басым көпшілігі өткен ғасырда бой түзеген ғимараттар. Бүгінгі таңда апатты деп саналатын 7 үй бұзылып, оның орынына жаңадан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш үйлердің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асуда. Оралдағы апатты жағдайдағы үйлердің көбі - революцияға дейін және СССР заманында салынған екі қабатты үйлер. Кей үйлер сәулет ескерткіштері тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. Бірақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі әбден тозып, апатты жағдайға жеткен үй тұрғындарының баспанаға қатысты қиындығын жай ғана бақылау позициясын ұстанып отыр. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде аталмыш жоба арқылы құрылысы аяқталған 90 пәтер тұрғындарға тапсырылғаны мәлім. Шаһар басшысы 3 жақты келісім арқылы бой түзеп жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда Екінші шақырым көшесінде алты қабатты 108 пәтердік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш құрылыс нысан апатты деп танылған үш үйдің орынына бой түзеуде. Құрылысшылар құрылыс үшін қолданып жатқан материалдың 90 пайызы Отандық өнім,- дейді. Қазіргі таңда шаһарымызда «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік» аясында 4 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары екі жыл жылға жоспарланыпты. Алайда, мердігер компания өкілдері тұрғын үйдің құрылысын келер жылдың жаз айларында аяқтауды көздеуде. Аталмыш жоба аясында бір тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пәтер иелеріне тегін берілгені мәлім. Орал қаласында 43 апатты деп танылған тұрғын үй бар. Олардың жетеуі ағымдағы жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында түсіріліп, оның орнына жаңадан тұрғын үй салынуда. Келер 2018-жылы аталмыш жобаның аясында 8 тұрғын үй жаңартылмақ. «Мемлекеттік жеке әріптестік» шеңберінде жасалатын жұмыстар апатты үйлерді жөндеу, мемлекеттен және тұрғындар қалтасынан шығарылатын қаражаттың салмағын азайтып, 3 жақты келісім негізінде ұтымды жүйе қалыптастырып отыр. Ескі үйлерді бұзып, жаңасын салу қала көркіне де көрік қоса түседі және адам сыйымдылығы жағынан да мұндай пәтерлер арқылы көптеген жанның баспаналы болу мүмкіндігі арта түседі. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp