30 сентября 2017

Орал қаласының бас педагогы ата-аналармен кездесті

Жиынға ата-аналар комитетінің өкілдері, педагогтар мен ата-аналар қатысқан болатын. Аталмыш шарада бағалау критериялары, тоқсан аяқталып келе жатқан тұста баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен мектеп формасы жайлы сөз болды. Жиналыс №1 мектептің қабырғасында ұйымдастырылды. Иллюстративное фото из архива "МГ" Барлық мектепте қызмет жасайтын ұстаздар қауымы өткен тоқсанды қорытындылау мақсатында ата-аналар жиналысын дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырады. Осындай жиынның біріне баласын оқытып отырған ата-аналар қауымымен қаламыздың бас педагогы, шаһар басшысының орынбасары арнайы қатысқан еді. Шараның негізгі мақсаты- жаңартылған білім мазмұнына байланысты бағалау жүйесін түсіндіру мен баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жайында ақпар берді. Мектепте білім алушыларға тыйым салынады: 1. Сабаққа мектеп формасыз келу. 2. Дене шынықтыру сабағынан басқа сабақтарға спорттық киімде келу. Дене шынықтыру болған күні сорттық киімді өзімен бірге алып келуі тиіс. 3. Сабақтарға екінші аяқ киімсіз келу. 4. Бетіне макияж жағып, татуаж жасау, әшекей бұйымдармен, пирсингпен келу. 5. Футболка, жемпір, свитерді, ашық түсті жейделерді киіп келу. 6. Қыздар қысқа белдемше және шалбар киіп келу. Белдемшенің ұзындығы тізеден 4 см. биік болмауы керек. 7. Джинс (спроттық стильде) және серуендеуге арналған киімді киіп келу. Сондай-ақ, жиын барысында мектеп формасы да талқыланды. Ағымдағы оқу жылы басталған тұста бірнеше мектеп оқушысы білім беру ордаларының бекіткен формасына сай киінбегендіктен сабаққа жіберілмеген жағдаяттардың орын алғаны да бұқара халыққа мәлім. Олардың ата-аналары өздерінің ұстанымдарына алға тартып, құқықтарын дәлелдемек болған еді. Алайда заңда бұл жайт анық көрсетіліп жазылған. Аталмыш мәселеге байланысты шаһарымыздың бас педагогы ата-аналардың назарына барлық оқушы мектеп бекіткен форманы сақтау керек деп тағы бір мәрте еске салды. Жиынға қатысқан ата-аналардың бірі Аққайың Нұртасқызы мектеп ережесіне қатысты өзінің пікірін ортаға салды. Ол бұл ереженің сақталуы-оқушылардың тәртіпке бағынып, тек сабаққа ғана көңіл бөлуіне оң ықпалын тигізеді деген ойда екенін жеткізді. Аталмыш мектепте оның екі баласы білім алып жатқан көрінеді. Осындай ата-аналар жиналысы қаламыздың барлық мектептерінде жалғасын таппақ.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp