Оралда 50 шақты саяжай үйлері су астында қалды


– 16 наурыз күні саяжайымызды құтқаруға тырыстық. Жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік жиналды, бөгетке жол тарттық, қапшықтарға құм толтырып, олармен суға тосқауыл боламыз ба деп едік, онымен болмады. Су басқа жермен кетті. Біз сол жаққа бардық. Саяжайшылар өз күштерімен қамтады, құтқарушылар келгенімен, олардан онша көмек болмады. Адамдар жыл бойы осы жерде тұрады, көпшілігі балалы-шағалы. Суға кеткендер үйлерін тастап, туысқандарын жағалап кетуге мәжбүр болды, - дейді "Вишневый сад" саяжайының тұрғындары.Адамдар судың одан да көп мөлшерде келеді деп алаңдаулы. Олардың сөзінше мұндай тасқын соңғы рет 2011 жылы болған. Мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіндігіне адамдар үміт үзген. Саяжайларды қалпына келтіруге шенеуніктер әу баста қаражат көрсетілмегендігін айтты.
– Өткен аптада Деркөл мен Шаған өзендері арналарынан шықты. Судың бетін тоң мұз басқан, ал еріген судың арнадан тасудан басқа амалы қалмады. Сөйтіп біздің саяжайларымыз су астында қалды. "Ягода" саяжай қауымдастығында 35 щақты тұрғын үйлер кетті. Бүгінгі күні Деркөл өзенінің деңгейі төмендеді, алайда адамдарды эвакуациялауға тура келді. Біз күнделікті барлық саяжайларға барамыз. су басу қаупі бар жерлерде адамдар өз күштерімен әрекет етіп жатыр, - дейді Батыс Қазақстан облысы бойынша саяжайшылар қауымдастығының төрағасы Андрей Заозеров.Оның айтуы бойынша, 16 наурыз күні Шаған өзенінің деңгейі көтеріліп, "Путеец" саяжай қауымдастығындағы 15 шақты үйлерді су басты. Сонымен қатар қауіп Самал ауданындағы "Бирюса", "Звездочка", "Энергетик" қауымдастықтарына әлі де төніп тұр. Өзеннен алыстау орналасқан үйлер тек еріген су астында қалды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Балтаевтың айтуы бойынша, саяжайдағы жер телімдері тек бау-бақшалықпен айналасуға арналған, жыл бойы ол жерлерде тұруға арналмаған. Алайда, шығын өтеледі ме, жоқ па оны арнайы құрылған комиссия мүшелері шешетін болады. Жалпы есеппен алғанда төтенше жағдай салдарын жою үшін біздің аймақта бюджеттен 1,8 миллиард тенге қарастырылған. Жедел штабтың мәлімдемесі бойынша, бүгін 20 наурызда Шаған өзеніндегі су деңгейі қауіпті көрсеткішке жақындап келеді. Қауіпті сан 1300 сантиметр болса, қазірдің өзінде 1122-ге табан тіреген.
qHL1x24ctZ4



"Шектен тыс" жобасы Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. "Мой город" басылымы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.