Жəрдемақыны өсіру туралы шешім мəслихат депутаттары тарапынан қолдау тауып, күшіне еніп отыр. Осылайша жаңа жəрдемақы мөлшері бекітілді.

Бұрын Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері 30 мың теңге, ал қаза тапқан боздақтардың отбасы 20 мың теңге жəрдемақы алып келген болатын. Енді соғыс ардагерлері мен мүгедектері жылына бір рет -50 мың теңге төленеді. Бұдан өзге ай сайын жергілікті бюджеттен 5 мың теңге əлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жаңа жəрдемақыны азаматтар 3 санат бойынша алады. Біріншісі-Ауған соғысының ардагерлері, екіншісі-соғыстан мүгедек болып оралғандар жəне соңғы санат-қаза болғандардың отбасы. Алайда ақша жылына бір рет төленеді.
Арман КУРМАНАЛИЕВ
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.