11 сентября 2017

Оралда еліміздің түпкір-түпкірінен келген педагогтар бас қосты

Батыс Қазақстан облысында екі күнге жоспарланған «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинарға жиналған мұғалімдер кадр тапшылығы, «білім бейінінің» ерекшелігі, жаңартылған он екі жылдық білім мазмұнын талқылады. Білім саласындағы тағы бір жаңалық - колледж студенттерінің «қолданбалы бакалавриат» дипломына қол жеткізу мүмкіндігі болып отыр. Бұл колледж студенттерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін нығайтуға сеп болмақ. Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» талқыға түскен басқосуда Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Орал қаласының сынды қалалардан келген барлық колледж мұғалімдері бас қосқан. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған семинар барысында сындарлы оқыту жүйесі мен жаңартылған он екі жылдық білім мазмұнын колледж, университет бағдарламаларына енгізу сынды өзекті мәселелер сөз болды. Тәжірибелі педагог мамандар «жаңартылған білім мазмұнына сай оқыту жүйесіне» болашақ мамандарды колледжден бастап дайындау қажеттігін айтады. Осының нәтижесінде арнаулы оқу орындарын тәмамдаған жастар біліктіліктерін курстарда арттырмай-ақ, дипломмен бірге дайын маман болып шыға келеді екен. Білім саласына енгізіліп жатқан жаңашылдық көп, енді заманмен бірге дамып, бұның барлығын меңгеруді ұстаздар қауымы өздеріне үлкен міндетт санайды. 12 жылдық білім мазмұнын айтпағанда, енді колледж студенттеріне де «Қолданбалы бакалавриат» дәрежелі диплом беріледі екен. Білім саласына осы жаңашылдықтарды үйлестіре еңгізіп, жаңа мазмұн бойынша жұмыстану мәселесі ұстаздар қауымының мойнына артылған жауапкершілік болмақ. Арнаулы орта оқу орындарында заман талабына сай, сұранысқа ие мамандық иелерін дайындай білу маңызды. Олардың бәсекеге қабілетті болуы үшін жаңа мазмұн бойынша білік-дағдымен қарулануына жағдай туғызу керектігі кездесуде баса айтылды. Батыс-Қазақстан облысында колледж ұстаздары бас қосқан семинар жұмыстары екі күнге созылды. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp