Елімізде әр төртінші жасөспірім майтабан дертіне шалдыққан. Аурудың алдын алу үшін мамандар бала жасқа толғанға дейін оны ортопед мамандарға көрсету керек дейді. Ал егер үлкендер бұл дертке шалдықса, Оралда оны емдеудің жолы табылды. Қалада ашылған ортопедиялық салонға «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
Қытайлық арзан аяқкиімнің әуресі көп. Қолқаны қабатын иісі өз алдына, бара-бара етік иесін майтабан етіп, мұның соңы түгел тірек-қимыл жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Қазір аурудың алдын алудың сан алуан амалы бар. Мәселен, облыс орталығында тамыз айында ашылған ортопедиялық салонда бірнеше медициналық қызмет көрсетіледі. Алдымен, арнайы жабдық арқылы табан өзгерісі тексеріледі. Егер майтабан анықталса, ортопед-дәрігер кеңес беріп, ем тағайындайды.
- Аяқ сынған, шығу жағдайларында, майтабан болса, балалрмен қоса, үлкендерді де қарай береміз. Әсіресе, кішкентай балаларда әр түрлі ауруар кездеседі. Мәселен, ДЦП дертіне шалдыққандар, майтабан, аяқты ішке қарай басу, т.б. Мұндай жағдайда әуелі баланы тексереміз. Сосын барпы, қандай аяқкиім үйлееді, қанша уақыт кию керек екенін айтамыз, - дейді кеңесші-маман ӘСЕЛ НҰҒМАНОВА.
Мұнда аяқкиімнің түр-түрі бар. Әр түрлі жасқа арналған. Тек емдеу-түзету бағытында емес, табан өзгеруінің алдын алуға арналған кебістер де бар. Негізінен Ресей, Беларус өнімдері. Салон сөресіне қойылған тірек-қимыл жүйесінің бұзылуын түзейтін ортопедиялық тауарлар да дертке дауа. Мойын, кеуде, омыртқа, қол-аяққа арналған фиксаторларды сұраушылар көп.
- Егер дене мүшесі сынған уақытта бұрын тек гипстан лангета салатын еді. Ал қазір әр түрлі фиксаторлар бар. Соларды қолданамыз. Бұл аурудың тез жазылуына сауап болады, - дейді кеңесші-маман ӘСЕЛ НҰҒМАНОВА.
Үнемі биік өкшелі аяқкиім кию, әсіресе, әйелдерде үлкен башпайдың өзгеріп, томпақ сүйекшенің пайда болуына әкеледі. Оның да емі бар дейді маман. Бірақ егер бұған бей-жай қараса, дерт асқынып, жілік майының таусылуына душар етеді.
- Диагнозым - тізе буынының ортрозы. Дәрігер тізеге арналған ортопедиялық жабдықты алуға кеңес берді. Өйткені, аяқ басуым қиындап кетті. Енді мына құралды алғасын жүрісім жеңілдейтін шығар деп үміттенемін. Кезінде көп жүрдік, жұмыс та мазасыз болды. Биік өкшеге әуес болдық. Әрі жас келгесін, артық салмақ та бар. Осының бәрі ауруға себеп болды деп ойлаймын, - дейді тізеге арналған арнайы жабдықты сатып алған Ақсай қаласының тұрғыны ГАЛИНА ВОРОНИНА.
Салонда ота жасайтын арнайы бөлме де бар. Жалпы орынжайды алуға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы қолдау көрсетілген. Мұнда күндізгі стационар да қызмет көрсетеді. Салонда жоғары санатты травматолог-ортопед мамандар еңбек етеді.
Арман Курманалиев