Оралда жаңа кардиологиялық орталық қолайлы орынан салынбақ

Жүрегі сыр беріп, науқастанған жандарды емдейтін орталық қалалық көп бейінді аурухана жанынан бой көтермек, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі.   Ғимарат 5 қабатты, 160 орынға лайықталған. Осыған дейін қала жəне облыс тұрғындары Деркөл кенті бағытына қатынайтын ауданда орналасқан кардиологиялық орталықта емделіп келген болатын. 2003 жылы жұмысын бастаған бұл медициналық мекеме 140 науқасты емдеуге арналған. Алайда жүрегі ауратын науқастар күннің ыстығы мен ауа райының қолайсыздығында күрт артып, емдеу орнына сыймай келген болатын. Тіпті оларды керуеттерімен дəліздерде жатқызуға тура келді. Осы мəселені шешу үшін де жаңа орталық керек-тұғын. Сала мамандары жан-жақты жағдайларды ескере отырып ғимаратты қалалық аурухана жанынан тұрғызу туралы шешім қабылдапты. -"Алғашында нысанды бұрынғы кардиологиялық орталық жанынан салу туралы ойладық. Бірақ оған жетер жолдың қашықтығы, су басу қаупінің бары жəне өзге де факторларды ескеріп, корпусты қалалық аурухана жанынан салу туралы шештік",-дейді облыстық кардиологиялық орталықтың директоры Ақтілек Өмірбаев. Орталыққа бағалы ангиограф деп аталатын құрылғыны сатып алу жоспарланып отыр. Оның көмегімен науқастарға дер кезінде ем көрсету мүмкіндігі артпақ.     Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp