Батыс Қазақстан аумағында 160-қа жуық саяжай серіктестіктері орналасқан, олардың 110-ы Орал қаласында тіркелген. Бұл саяжайларды 20-мың адам тұрақты түрде жыл бойы мекен етсе, маусымдық бағбандықпен айналысу үшін 60 мыңдай адам көктем-жаз айларында саяжай үйлерінде тұрақтайды.

Бұл әлбетте аз көрсеткіш емес. Алайда саяжай аумағында тұратын оралдықтар бірқатар қиындықтармен кездеседі. Солардың ішінде ең күрделісі - жол мәселесі. Оларды жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмайды, себебі саяжай учаскелері тек маусымдык бағбандықпен айналысу үшін берілген. Көктем-күз мезгілдерінде мұндағы жолдардың көретін жері болмайды, тұрғындарға жаяу жүрмек түгілі көлікпен кіру қиындай түседі. Ал көшелердің тарлығы мен үйлердің бір-біріне тығыз орналасуы жедел қызметінің жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
zycuQ8U7sRE
Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. "Мой ГОРОД" порталы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.