19 декабря 2016

Оралдық тасымалдаушылар «Оңай» жүйесін енгізуге байланысты табыссыз қалудан қорқады

Белгілі болғандай, бүгінгі күні жергілікті өкілдермен келіссөздер табысты жүргізіліп, тек электронды билеттендірудің жаңа жүйесін енгізудің бөлшектерін нақтылау ғана қалды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталының тілшісі. Көрекі фото altaynews.kz сайтынан Көрекі фото altaynews.kz сайтынан Орал жаңалықтары - Оралдық тасымалдаушылар «Оңай» жүйесін енгізуге байланысты табыссыз қалудан қорқады bilet_68.u-nise.com Жолаушылар көлігіндегі «Оңай» жүйесі, Алматыда екі жылдан бері жұмыс жасап келеді, және ол сіңіп кетті десе де болады. Алайда осы жүйе айналасындағы дау-дамайлардың қанша болғандығы, көбінің есінде. Енді электронды билеттендіру жүйесін Орал қаласында енгізуге ниетті. Бұл туралы білген тасымалдаушыларда көптеген сұрақтар туындады. - Бұл жабдықты үйрену үшін біраз уақыт қажет. Бұнымен кім айналысады? Оны кім енгізеді? Орнатады? Тасымалдаушыларда мұндай қаражат жоқ. Біз ағымдағы төлемдерді қалыпты жұмыс үшін игере алмаймыз, ТҮКШ-те, тариф немесе субсидиялар мәселесін қысқа дейін шешу керек еді, өйткені қысқы мезгілде шығындар көбееді,- деп наразылық танытты «УралТехСервис» ЖШС директоры Александр БАКЛАН. «УралТехСервис» автопаркінен күн сайын желіге 70 автобус шығады. Олардың әрқайсысын терминалдармен жабдықтау үшін, бір миллион теңге қажет болады. Оны қайдан аламыз, тасымалдаушылар білмейді, әрі терминалдарды орнатудың еш мәнін көрмейді. Олар одан қазір тауып отырған, табыстарын ала алмаймыз деп қорқады. - Жүйе кедергі келтірмейді, бірақ оны үйрену үшін қандай да бір уақыт керек, тәжірибе алмасу қажет, біз, негізінде, қолдаймыз, қолма қол ақша айналымы аз болғанын қалаймыз, алайда қазір қолымызда бар табысты ала аламыз ба? Бұны бізге ешкім айта алмайды, - деп жалғастырды автопарк директоры. Жаңа жүйені енгізу бойынша оралдықтардың пікірі қарама-қарсы болды. Біреулері жүйені енгізу – өте жақсы ижея десе, басқалары кондукторлар туралы ойлауды қажет дейді, олар жұмыстарынан айырылуы мүмкін ғой. Тасымалдаушыларда да, жолаушыларда да өте көп сұрақ бар. Карточка қайда дайындалады? Оны қайдан алуға болады? Есепшотты қалай толтыруға болады және тағы басқалар. Ағымдағы жылдың қазан айында алматылық тасымалдаушылар «Оңай» жүйесін енгізумен олар миллиардтаған теңге жоғалтқандарын мәлімдегендерін, оралдық тасымалдаушылар да оларды да осындай жағдай күтіп тұр ма деп қауіптенетіндіктерін атап өтуіміз қажет.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp