Серебряков жолы жөнделуде 

Орал қаласына қарасты Серебряков ауылы тұрғындарының елді мекенге кіреберістегі көшенің жағдайына шағымданғанына біраз жылдың жүзі болды. Шұрық-тесік жолдың нашарлығы сонша, тіпті, қоғамдық көліктер ауыл сыртынан кері қайтатын. Қала әкімімен болған есепті кездесуде бірнеше рет көтерілген мәселе жақында шешімін тапты. remont dorog (9) Тақтайдай тегіс жол ауыл тұсына дейін келгенмен, әрі қарайғы үзіктің жол деген аты ғана. Әсіресе көктем, күз кезінде ауылға жетудің өзі мұң болды. Шұрық-тесік көшеге кіре алмаған қоғамдық көлік ауыл сыртында тоқтап жүрді. Сондықтан тұрғындар аялдамаға дейінгі үш шақырымды жаяулап-жалпылап, толарсақтан саз кешіп өтетін. Ауыл халқының тұрмысы қаламен біте қайнасқанын ескерсек, жолды жөндеу маңызды мәселе еді. - Қаңтар айында қала әкімінің есеп беру кездесуі өткен болатын. Сол жиында ауылға кірет беріс жолдың нашарлығы жөнінде мәселе көтерілген еді. Сол кезде қала әкімі бізге уәде берді. Биыл жолды жөндейміз деп. Енді, міне, маусым айының 6-сы күні бастады жұмысты. Бір аптаның ішінде жолды қалыпқа кетіріп жатыр. Өте жақсы, керемет қылып салып жатыр. Әрі халықтың жүруіне де кедегі келтіріп жатқан жоқ. Алдағы уақытта ауылдың өзге көшелерінің жолдары да түзеледі деген үміттеміз, - дейді қуанышын жасыра алмаған Серебряков ауылының тұрғыны Гүлнар ЕЛЕУОВА. Серебреков жолын орта жөндеу екі апта бұрын басталды. Мердігер бұл жұмысты атқару туралы келісмшартқа екі ай бұрын қол қойған еді. Мұның өзі тиянақты дайындық жұмыстарын жүргізіп, құрылыс жұмыстарын ерте бастауға мүмкіндік берді. - Іс басында 30 адам жұмыс істеп жатыр. Жалпы ұзындығы 782 метр. Жобаның құны – 52 миллион теңге. Маусым айының аяғына қарай жұмысты аяқтаймыз, - дейді «Түркістан жол сервис» ЖШС учаске басшысы Жәмшит МАХАМБЕТОВ. Жалпы биыл облыс орталығында ұзындығы 80 шақырым болатын 70 көшені жөндеу жоспарланып отыр.
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасымыз тұсауын кескен аталмыш жоба бастамашысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ болса, мердігері - «Юнисерв» ЖШС.  Бұл жолдың құрылысы 2015 жылы басталып, бастапқыда Ұлттық қордан 3 млрд теңге бөлініп, 11 шақырым жол қайта салынған болатын. Соған орай 101 жаңа жұмыс орны ашылған еді. Өткен жылы 5,5 млрд теңгеге 17,1 шақырым жол жабыны қайта төселді (93 жұмыс орны). Биыл 9,6 млрд теңгенің жұмыстары атқарылмақшы. Күні бүгін жоспарланған 53,9 км жолдың 2,8 шақырымы жөнделді (62 жұмыс орны). 2018 жылы қалған 18 шақырымды жөндеуді бітіріп, пайдалануға тапсыру көзделуде. Аталмыш жолдың халықаралық маңызы да ерекше. Бұл жоба облыстағы, сонымен қатар Ресейдің Саратов сынды қалаларымен жол қатынасын жақсартып қана қоймай, көрші елдің нарығына отандық тауарларды экспорттау мүмкіндігін арттырады. Арман Курманалиев
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp