Қазақстанда шетелге ірі соммада шетел валютасын алып кетпек болғандардың жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпарға сүйенсек, осындай оқиғаның бірі екінші маусымда Атырау облысы «Құрманғазы» өткізу пунктінде болған. Шекара бекетінде қазақстандықтың жеке жүгін тексеру барысында, 299 мыңнан астам АҚШ доллары табылған. Және үшінші маусымда Жамбыл облысында жасырын түрде 102,5 миллион рубльді алып кірмек болған алты шетел азамат азаматы ұсталыпты.

Қазіргі таңда осы деректерге байланысты шешім қабылдануы үшін құжаттар құзырлы органдарға жіберілген.

Жыл басынан бері 6,9 миллиард теңгеге декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 дерегі тіркеліп, оның жолы кесілген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті он мың доллардан көп қолма-қол ақшаны ел аумағынан әкетуге тыйым салынатынын еске салады.