Биыл ҚР ҰҚК шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл толды. Мерейлі күнге орай әскери қызметкерлер мен сала ардагерлерінің қатысуымен салтанаты жиын өтті. Бүгінде облыстың өзге елмен шектесетін мың шақырымнан астам аумағын 1000-ға тарта адам қалтқысыз күзетеді. Олардың бүгіні мен ерен еңбегі жайлы келесі сюжетте.

Ел шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңнан астам шақырымға созылып жатыр. Қазақстан 5 мемелекетпен шектеседі. Әуеде де, суда да, құрлықта да ел іргесінің бүтіндігін 20 мыңнан астам адам көздің қарашығындай қорғайды. Өңір шекарашылары да ел қауіпсіздігін сақтау жолында еселі еңбек етіп жүр.
- Батыс Қазақстан облысы бойынша біздегі 1000 шақырымнан асатын шекараны жоғары деңгейде күзетудеміз. Мыңнан астам адам шекараны қорғауға қызмет етеді. ҚР тәуелсіздік алғаннан бастап экономикасы қаз тұрғаннан кейін шекара қызметінде көп өзгерістер болды. Материалдық-техникалық базасы жақсарып, әскерилерге жылда жағдай жасалып келеді, - дейді
2029 әскери бөлімінің командирінің орынбасары Нәбиет ЗЕЙНОЛЛА.
Біздің өңірде шекара қызметінің 2029-шы әскери бөлімі 2000 жылы құрылған. Қазір Батыс өңірлік басқармасына қарайды. Әскери қызметкерлер қым-қуат тірлігінде заңсыз котрабанда, соның ішінде есірткі заттарын, қару-жаарақ алып өту, заңсыз балық аулау, өзге де келеңсіздіктердің жолын кеседі.
- Тек 2016 жылы мемлекеттік шекара тәртібін бұзған 237 дерек тіркелген. 496 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР аумағында жүру тәртібін бұзған 380 азамат ұсталды. Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекетінен 3 млн 700 мың адам өткен. Заңмен тыйым салынған жүк пен тауарлардың 132 дерегінің жолы кесілді. Тыйым салынған қару жарақ пен оқ-дәрі өткізудің 38 фактісі тіркелді. Мұның бәрі сіздердің жеісті еңбегіңіз, - деді
БҚО әкімінің орынбасары БАҒДАТ АЗБАЕВ.
Ата-бабамыз мұра еткен ұланғайыр даланы сақтап қалу, ел тыныштығын күзету – шекарашылардың басты міндеті. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, шекара бекеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, қызметке тың технологияларды енгізу мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Еңбегі де еленеді.
- Біздің жұмыс, әрине, қиын. Шекарада қызмет ету – еліміздегі ең басты міндеттердің бірі. Біз жанымызды еліміз үшін қиюға серт берген адамбыз. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін, тыныштығын қорғаймыз. Бүгін марапатталып жатырмыз. Өте қуаныштымын. Көрсетілген құрметке лайық болып, келешекте бұдан да үлкен дәрежеге жетуге тырысамыз, - дейді қуанышымен бөліскен
2029 әскери бөлімінің учаскелік шекарашысы Жеңіс ЖҰМАТАЕВ.
Салтанатты жиында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволық ордендері мен медальдары, құрмет грамоталары және облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді. Құттықтау соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Арман КУРМАНГАЛИЕВ