Бөрлі ауданының орталығында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 126 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
1 млрд 266 млн теңге болатын баспана, биылғы жылдың 3 тоқсанында пайдалануға берілмек. Биыл ауданда көп бейінді ХҚКО мен балалар лагері салынады. Ауданның құрылыс саласындағы жаңалықтар туралы тілшіміз баян етеді.
Биыл 10 шағынауданда кезектегі тұрғындар үшін жалдамалы үйдің құрылысы қолға алынады. Бұған қоса тағы екі баспананың жобасын жасақтау жоспарда. Өткен жылы Кеңтүбек, Пугачев, Қанай, Жарсуат ауылдарында салынған жатақханалар пайдалануға берілді. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасын тауып, Киров, Бумакөл ауылдарына келген жас мамандарға жатақхана салынады. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасын іске асыру аясында ауылдық елді мекендерде ауыз сумен қамту бағыты бойынша 2018 жылы республикалық қаражат есебінен Кентүбек ауылында су құбыры қайта жаңғырған болатын. Осы жылы Ақбұлақ, Успен, Киров, Облавка ауылдарына ауыз су нысандарын жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды.
- Ақбұлақ және Кеңтүбек ауылдарында ветеринарлық пункттер, Бумакөл ауылында 100 орындық балалар лагері, Қызылтал ауылында тасқыннан қорғауға бағытталған су арнасын салу жоспарда. Жарсуат ауылының маңында, Жайық өзенінің 1850 метрлік жағалауын бекіту жобасы жасақталды. Қазіргі уақыта жоба мемлекеттік сараптамалардан өтуде, - Асланбек Ибасов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
Ақсай қаласының аумағында мекен-жайларды түгендеу бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бірқатар қате және аты қайталанатын мекен-жайлар жойылды.
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Арман КУРМАНАЛИЕВ