«Жайық» өзені жағажайының апатты жерлерінде еріктілер кезекшілік етуде

Орал қаласында суға түсу маусымының басталысымен тұрғындардың су жағалауындағы қауіпсіздігін қадағалау үшін еріктілер жобасы басталған болатын. volonter Осы сәттен бастап, су айдындары маңында БҚО ТЖД Жедел құтқару-жасағымен бірге еріктілер де демалатын жерлерде оралдықтардың қауіпсіздігі үшін жағалау маңдарында кезекшілік етуде. Еріктілер демалушылар көп жиналатын Орал өзенінің Коминтерн және Курени аудандарында сағат 16-00 ден кешкі 21-00 дейін күн сайын кезекшілікте болады. Олар демалушылардың жағдайларын қауіпсіздік ережелерін ұстануын тексереді, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, үгіт парақшаларын таратып судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіреді, қайғылы оқиғаның куәсі болып немесе естіген жағдайда дереу жедел-құтқару жасағына хабарлап полиция қызметкерлері мен дәрігерлерді шақырады. Еріктілерді тану өте оңай: олардың барлығы жарқыраған көкірекше киген, барлықтарында бейджиктер бар. Жастар саясат басқармасының және Жастар орталық ресурсының қолдауымен еріктілер жасағы жоғарғы оқу орындарының студенттерінен құралған. Еріктілер Жедел-құтқару жасағында дайындықтан өтіп әр кезекшілік алдында нұсқамадан өтеді. Құтқарушылар оларға судағы ережелерді, құтқару құралдарымен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті. «Біз еріктілерден жыл сайын осы әрекетін жалғастырады,- деп үміттеміз. Бір жағынан құтқарушыларға бұл үлкен көмек, әрі еріктілер есебінен бірнеше адам өмірінің құтқарылуы жастардың қоғамға тигізген пайдасы. Еріктілермен жиі байланыста болатын суда құтқарушы-сүңгуір бөлімінің басшысы Алексей Еремеев болса «Маусым соңында олардың жұмыстары ескерілінетін болады» - деп атап өтті. 21 шілде күні ТЖК БҚО Жедел-құтқару жасағы, еріктілер және қалалық полиция сонымен қатар телеарна және қалалық баспа басылымдары журналистерінің қатысуымен Жайық өзенінде жыл сайын өтетін кезекті «Судағы адам қазасына-жол жоқ!» ақциясын өткізді. Жайық өзенін таңдап онда акция жүргізу кездей соқтық емес. Суға шомылуға ең қауіптісі - Жайық өзені, ағысы қатты, жер бедері біркелкі емес, ойлы шұңқырлы. Өзен арнасының жағалауы тік, кей жерлерде құмды-сазды болып келеді. Өзен жағалауын судың шаюы салдарынан құлаған бөренелер мен бұтақтар, демалушылардың тастап кеткен қалдықтары көптеп кездеседі. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp