Жалақы берешегі 200 млн теңгеден 53 млн-ға түскен 

Жыл басында өңірде кәсіпорындардың жалақы берешегі 200 миллион теңге болған. Тиісті шараларың нәтижесінде бұл сома 53 миллион теңгеге дейін түскен. Соңғы үш жылда 7 мыңға тарта жұмысшының құқығы қорғалған. Бұл туралы бүгін дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысында мәлім болды. zarplata Жыл басынан бері «СПМК-123» ЖШС-ң 5 жұмысшысынан өтініш түскен. Жалақыға берешек 1,8 миллион теңгеден асып жығылып, кейін толық өтелген. Көп ұзамай тағы 9 қызметкер еңбек инспекциясына жүгінеді. Оларға 1,5 миллион теңге жалақысын бермей отырған анықталған. Мамандар жоспардан тыс тексеріс өткізіп, айыппұл салған. Өазір әкімшілік іс сотқа жолданды. Ал серіктестік басшысы отырысқа келген жоқ. - «СПМК-123» ЖШС басшысы келісімшарттағы өз міндетін орындамай отыр. Қазір ол жасырынып жүр. Күні кеше біз қалалық прокуратурада болдық. Қала прокуроры қалалық жергілікті полиция қызметі бастығына аталған серіктестіктің басшысын іздеп табу жөнінде тапсырма берді, - БҚО еңбек инспекциясының басшысы Азамат АЙТУЕВ.  «Кроун Батыс» ЖШС да жұмысшыларының табан ақы, маңдай терінің өтемін бермей жүр. Құрылтайшылар бір жыл бойына кәсіпорынға басшы сайламай отыр. Соның кесірінен жалақы берешегінің толық көлемін анықтау мүмкін болмай отыр. - Материалдарды бермегені үшін біз хаттама тотырдық. Сот қаулысымен заңдық тұлға 200 айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. 2016 жылы материалдар заң шеңберінде қылмыстық іс қозғау туралы ІІД және прокуратураға жіберілді, - БҚО еңбек инспекциясының басшысы Азамат АЙТУЕВ. Үш жылда дағдарысқа қарсы штабтың отырыстары мен тексерістерінің қорытындысы бойынша 647 кәсіпорында 807,1 млн теңге жалақы берешегі өтелген. Мәселен, соңғыда «Гидромаш Орион» ЖШС 160 жұмысшысына 11,3 миллион теңге берешегін берген. Және «Строительная инициатива» кәсіпорны қызметкерлері алдындағы 9 миллион теңге қарызынан құтылған. 4 жыл бұрынғы техникалық ақаудан банк есепшотына тыйым салудың кесірінен «Омега» зауыты 9 миллион теңге бережақ. Бүгінде оның тең жартысы төленген. - 2013 жылы ұжымдық табыс салығы дұрыс есептелмей, 22 млн теңге жетіспей қалды. Ол қаржыны іздеу шараларын бастағанда бізде жалақы бойынша кассалық алшақтық пайда болды, - «Омега» құрал жасау зауыты» АҚ директоры Алмас ӘУЕЛБЕКОВ. Облыс әкімінің орынбасары салық органының өкіліне есепшотқа тыйым саларда қасақана төлемейтіндер мен өз қызметіне адал кәсіпорындардың арасын айырып барып, тыйым салу шарасын алуды ұсынды. Ал зейнетақы жарналары бойынша берешек 7 миллион теңгеге жеткен. Бұл тізімде «Кроун Батыс», ПМК-8, Батысмарқаламб, Жайықстроймонтаж, БГС Аксай және тағы басқа кәсіпорындар бар. Дәл осы компаниялар 22,3 млн.теңге болатын әлеуметтік аударымдарын төлемеген. Тіпті мемлекеттік мекемелер де зейнетақы жарналарын уақтылы аудармайды екен. Бұл жиынға қатысушылардың наразылығын тудырды. Отырыста айтылғандай, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы 5 айда 6 мекемеден 30 млн-ға жуық теңге борышын өндірген. Қазір 4 кәсіпорынмен жұмыс жүргізілуде, оның екеуі Бөрлі ауданында. Жалпы өңірде жалақы бойынша 7 компания 53 млн теңге берешек болып қалып отыр. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp