Биыл да мешіттерде мал сойылмайды. Бұл үшін қала бойынша арнайы бес орын белгіленді. Құрбандыққа әкелінген мал да осы аумақтарда сатылады. Шаһардың басқа жерінде сауда жасауға қатаң тиым салынған. Тәртіпті бұзғандармен полиция қызметкерлері айналысатын болады.

- Сондай ақ бұл істе тағы бірқатар мәселеге назар салған жөн. Біріншіден ветеринарлық бақылауды күшейту керек. Әрі бұл жұмыс ерте басталса игі. Екіншіден мерекеде тәртіпті қатаң қадағаса дейміз. Полиция қызметкерлері қоладуы керек. Бұған қоса Ел Ырысы базарында мұздатқыш керек. Өйткені айтта сойылған еттің үштен бірін біз жинаймыз. Ондағы мақсат медересе түлектерін жыл бойы азықпен қамту үшін. Әрі құрбандық еттің бір бөлігін дін жолындағы балаларға берудің өзі, садақаның қабыл болуына себепші дейді, - облыстың өкіл имамы Руслан Сұлтанов.
Құрбан айт күні мал сою орындары қоқыс жәшіктері және арнайы контейнерлермен қамтылады. Соңғысы терілерді жинап, былғары зауытына тапсыру үшін жасалып отыр. Сондай ақ өрт қауіпсіздігін қамту да маңызды міндет. Биыл қой союдың құны 1500 теңге болып бекітілді. Осы орайда қасапшыларды медициналық текесеру, оларға арнайы семинар өткізу қолға алынбақ.
- Біздің базарға өткен жылы 2370 қой әкелінсе, соның 1200-ге жуығы құрбандыққа шалынды. Биылғы жылы да мерекені өткізуге дайындық ойдағыдай. Қасапшылар сырттан келеді. Олар алдын ала бізге келіп тіркеліп, сосын мешітке барып арнайы курстан өтеді. Халал стандарты бойынша қой сою тәртібін үйренеді. Соңынан оларға арнайы бейджик беріледі дейд, - «Ел Ырысы» базарының директоры Қанат Оразов.
Бұған қоса тиісті орындарда құрбан шалу рәсімі жазылған баннерлер орнатылып, жадынамалар үлестірілуде. Жиында дін өкілдері құрбан шалудың айт намазынан кейін басталатынын тағы бір мәрте ескертті. Ал айт намазы, қыркүйектің 1-і күні таңғы 7:30-да болады.
Арман КУРМАНГАЛИЕВ