Онда коммерциялық мақсаттағы бес жер үлесінің төртеуі саттылып, жаңа иелерін тапты. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті.

Аукционға алғашқы шығарылған Круглоозерный кентіндегі екі учаске талаптанушылар тарапынан аса бір қызығушылық туғызбады. 600 шаршы метрлік бірінші жер үлесі небәрі 78 мың теңгеге сатылса, екіншісі тіптен саудадан алынып тасталды. Сауда көрігі үшінші лотта қызды. Деркөл ІІ аумағындағы 4 сотық жер үшін 8 адам таласқа түсті. 53 мың теңгеден бастау алған баға, әп сәтте 2 млн. 525 мың теңгеге жетті.
- Егер аталған аумақтың болашағы зор. ескерсек, саудамыз табысты аяқталды. Әрі жер үлесі орталық көшеде, орта мектептің қасында орналасқан. Өз жоспарымыз бар. Үш жыл ішінде жүзегше асырамыз деген ойдамын, - дейді жер үлесін сатып алған "RKS-GROUP" ЖШС өкілі Ринат Қадырғалиев
«Ескі әуежай» аумағындағы 20 сотыққа көз салғандар да көп болды. Баға мыңдап емес, млн-дап көтерілді. 300 мыңның жері ақыр аяғында 16 млн. теңгеге сатылды. Жалпы аукцион жеңімпаздары жерді үш жылға жалға ғана алады. Осы аралықта олар аталған аумақта коммерциялық жобасын іске асыруы тиіс.
- Сатылған соң, берілген учаскенің мақсатты пайдаланылуын тексеріп, бақылап отырамыз. Егер жалға берілген үш жыл ішінде жер пайдаланылмаса, заңға сәйкес біз оны тартып алуға құқымыщз бар, - дейді Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Бисембалиев.
Енді сатып алушылар жердің ақшасын ай ішінде төлеп тастауы тиіс. Ал кезекті аукцион келер жылдың қаңтар-ақпанына жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Орал қаласында өткізілген алғашқы аукцион 2017 жылдың мамыр айында өтті. Сонда аукционға Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының 1 және 2-кезеңінен 8 жер телімі ұсынылды. Аукционға барлығы сегіз лот бойынша 14 адам қатысты. Аукцион қорытындысына сәйкес 8 жер теліміне жалға беру құқығы 197 мың теңгеден бастап 1 млн 301 мың теңгеге дейін сатылды. Кәсіпкерлер сатып алған жерлерін Деркөл кентінің жаңа шағынаудандарындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тек өз мақсатына пайдалана алады. Аукцион жер телімдерін жалға беру құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен өткізілді.
Арман КУРМАНАЛИЕВ