Қазақстанда төлемдердің небәрі 18 пайызы ғана несие картасы арқылы жасалады. Неліктен? Ал толықтай қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне өтуге не кедергі?

Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық Банк бар мүмкіндікті жасап жатыр. Қаржы реттеушінің ресми ақпаратына орай, тәуелсіздік алғалы елімізде 25 миллион Visa картасы шығарылған. Бірақ кез келген дүкеннен терминал табылмайтындықтан, әзірге электронды төлемге толықтай өту мүмкін болмай тұр.
"Қазіргі таңда, Қазақстандағы әрбір екінші қаржы операциясы электронды түрде жүзеге асырылады. Сондықтан Ұлттық Банк электронды валюта түрлерін енгізуді де қарастырып жатыр", – дейді ҚР ҰБ төлем жүйелерінің саясаты басқармасының жетекшісі Алина Иманғазина.
Иманғазина ханымның айтуынша, цифрлық қоғамды құру адамдардың ақшаны қолдануға деген көзқарасын өзгертеді. Қазір ешкім кезекте тұрып, қолма-қол ақшамен есеп айырысқысы келмейді. Несие картасымен барынша тез интернет арқылы транзакцияны жүзеге асыруға бейім.
Ашық экономика
Әрбір қаржы операциясының онлайн режимде жасалғаны кез келген ел үшін де тиімді. Себебі онлайн төлем туралы мәлімет ақпараттар қорында сақталады. Бұл қаржы айналымының көлемін анықтауға және ел азаматтарының салық төлеуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Мысалы, Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі фотографтар онлайн төлемді қабылдау үшін терминалдың орнына өзінің смартфонын пайдаланады. Оған картаның чипін сканерлейтін қосалқы құрылғыны біріктірсе болғаны. Осылай клиенттің де талабын орындап отыр.
"Цифрлық экономика дамыған сайын, ел экономикасы да өркендей береді. Соңғы жылдары қолма-қол ақшасыз төлем жасауға қоғамды үйрету үдерісінің жылдам өріс ала бастағаны байқалады", – дейді Altyn Bank АҚ басқарма төрағасы Асқар Смағұлов.
Altyn Bank өкілінің айтуынша, екінші деңгейлі банктер есепшотты қашықтықтан ашу жүйесін құрастырып жатыр. Ол үшін электронды үкімет қызметтерінің аналогын жасау керек. Себебі жеке куәліктің жалған түрлері де бар болуы мүмкін.
Толықтай қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне өтуге не кедергі?
Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық Банк бар мүмкіндікті жасап жатыр. Қаржы реттеушінің ресми ақпаратына орай, тәуелсіздік алғалы елімізде 25 миллион Visa картасы шығарылған. Бірақ кез келген дүкеннен терминал табылмайтындықтан, әзірге электронды төлемге толықтай өту мүмкін болмай тұр.
"Қазіргі таңда, Қазақстандағы әрбір екінші қаржы операциясы электронды түрде жүзеге асырылады. Сондықтан Ұлттық Банк электронды валюта түрлерін енгізуді де қарастырып жатыр", – дейді ҚР ҰБ төлем жүйелерінің саясаты басқармасының жетекшісі Алина Иманғазина.
Иманғазина ханымның айтуынша, цифрлық қоғамды құру адамдардың ақшаны қолдануға деген көзқарасын өзгертеді. Қазір ешкім кезекте тұрып, қолма-қол ақшамен есеп айырысқысы келмейді. Несие картасымен барынша тез интернет арқылы транзакцияны жүзеге асыруға бейім.
Электронды төлем
Қазіргі таңда, Алматы не Астана қаласында қолма-қол ақшасыз өмір сүруге болады. Ол үшін бұл қалаларда барлық жағдай жасалған. Десе де, кейбір қызмет орындары мен сауда орталықтарында терминал жоқ. Сондықтан күндік жоспарды алдын ала жасап алған абзал.
"Көптеген сарапшылар Қазақстанның цифрлық қоғам құруға дайын емес екендігін айтады. Өзге дамыған елдерге қарағанда кешігіп жатқанымыз рас. Бірақ бұл бізге керісінше, оңтайлы болуы мүмкін. Себебі сынақтан өтпеген жүйелерді енгізбей, тиімді жобаларды кіріктіре аламыз", – дейді "Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) әкімшілігі басқармасының жетекшісі Нұрлан Құсайынов.
Құсайынов мырзаның айтуынша, АХҚО әртүрлі қаржы технологияларын (финтех) сынақтан өткізетін полигонға айналады. Орталықтың өзіндік шешімдері мен ережелері болмақ.
"Қазан айының басынан стартаптарды сынақтан өткізуді бастаймыз. Басты назар криптовалютаға ауып отыр. Ал блокчейн криптовалютаға қарағанда көбірек қолданысқа ие. Бірақ сенімсіздігі де бар. Сондықтан оларды қай салаға кіріктіру керек екенін әзірге шешкен жоқпыз", – дейді Нұрлан Құсайынов.
Онлайн банкинг
GFK сараптамалық агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстандағы компаниялардың 88 пайызы тауар алмасу үдерісін қолма-қол ақша алу арқылы жүзеге асырып жүр. Ал олардың 19 пайызы электронды төлем жүйесімен мүлде жұмыс істемейді.
Екінші деңгейлі банктердің арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша Қазком жетекші орында тұр. Ал Халық банк жалақыны несие картасы арқылы төлеуден бірінші орында.
GFK cараптамалық агенттігі мамандары жүргізген сауалнама қазақстандықтардың 37 пайызы картадағы ақшасын банкоматтан шешім алып, сосын тұтынатындығын көрсетті. Ал 13 пайызы картамен төлем жасайды. Сауалнамаға қатысқандардың 28 пайызы несие картасын интернет саудасына жиі пайдаланады. Одан қалған 22 пайызының электронды төлем жасауға несие карталары жоқ болып шыққан.
informburo.kz