3 часа назад

Жоқ пәтерді жалға беріп, азаматтарды алдаған Ақтау тұрғыны ұсталды

Ақтау тұрғынына алдандық деген алты адам полицияға арыз жазған.

Жоқ пәтерді жалға беріп, азаматтарды алдаған Ақтау тұрғыны ұсталды
Фото: polisia.kz

Интернет платформаларында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беріп, азаматтардың ақшасын алып, алдап соққан Ақтау тұрғыны ұсталды. 30 жастағы ер адам Ақтөбе, Алматы мен Түркістан қаласында өзі жалға алушы болып, баспана иелеріне хабарласқан. Пәтер иелерінен үйдің суреті мен бейнебаянын сұратыпты. Азаматтарды алдап соққан азамат жаңа фотоларды өз атынан ғаламторға жариялап, хабарландыру берген. Сөйтіп, қысқа мерзімге пәтер жалға алғысы келетін жандар күдікке ақша аударыпты. Қаржы шотына түскен соң, ақтаулық тұрғын ізім-қайым жоғалған. 

Polisia.kz сайты таратқан ақпарға сүйенсек, қазіргі таңда алданып қалдық деген алты адам полицияға арыз жазған. Олар Ақтаулық тұрғынға 300 мың теңгеге дейін қаржы аударыпты. Алғандардың үшеуі Ақтөбе тұрғыны болып шықты. Қалғаны Алматы мен Түркістан қаласының тұрғыны.

Қазіргі таңда азаматтарды алдап соққан азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp