30 августа 2017

ҚР Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтіп, өңірді өркендетуге үлес қосқан тұлғалар марапатталды

Мемлекет құру үздіксіз процесс болса, ондағы саяси тұрақтылықтың кепілі – конституция. Сондықтан еліміз дамыған сайын, Ата заңның мазмұны толығып, мәні артуда. Оның қағидалары, мемлекеттің басты байлығы адамның өмірін сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қалтықсыз еңбек етіп келеді. Билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы конституциялық өзгерістер, Қазақстанның үшінші жаңғыруына жол ашты. Мемлекет тірі организм деген сөз бар. Яғни, бір орында тұрмай ілгері дамыған қоғамның басты құжатынан бастап, барлық заңдарды уақыт өткен сайын жаңарып, толығып отыруы міндетті. 22 жыл бойы ел игілігіне қызмет еткен осы конституция арқылы біз іргесі мығым мемлекетке айналдық. Осы жылдар ішінде ата заңымызда жазылғандай құқықтық, әлеуметтік мемлекет құрудың барлық негіздері жасалды деді, - жиналғандар алдында сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов. Шараға жиналғандар да Ата заңның мән-маңызына тоқталды. Конституцияда халықтың мақсат-мұраты, болашаққа сенімі де айқын көрініс тапқан. Оны осы жылдар анық көрсетіп отыр. Маңызды құжатта, еліміздің әр азаматының өмір сүріп, еңбек етуі, құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы заңмен бекітілген. Конституция өз күшіне енгеннен кейін, Кеңестік сипаттағы жалған демократия мен жалаң биліктің белең алуына жол берілмей, әлемдік өркениетке тән рухани  құндылықтармен, саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге жол ашылды. Сонымен қатар еркіндік пен теңдік сезімдері терең, тарихи, мәдени, рухани дәстүрі бай ежелгі қазақ халқының өзіндік ұлттық даму ерекшеліктері де ескерілді дейді, - «Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Абат Қыдыршаев. Салтанатты жиында өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосқан еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мерейтойлық медалдармен марапатталды. Сондай ақ түрлі сала тұтқасын берік ұстап, еңбете озат атанған мамандар облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Ал 16-ға жаңа толған жас тұрғындарға, өңір басшысы өз қолынан жеке куәліктерді табыс етті. Ата заң елдің бірлігін, тыныштығын сақтап отыр. Осындай ұлық мерекеде еңбегіміз еленіп, марапатқа ие болды. Әрине қуаныштымыз. Бұл барша ұжымның жетістігі дейді, - мерейтойлық медалға ие болған Бөкей Ордасы тарихи музей кешенінің директоры Ғайса Мақымов. Бүгінде егеменді еліміздің экономикалық өрлеуі мен халқының әлеуметтік ахуалының жақсаруы Заң аясында атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі. Конституция бейбіт өмірдің кепілі бола отырып, ел экономикасының дамуы мен халық тұрмысының жақсара түсуіне ықпал етіп келеді. Арман КУРМАНГАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp