2016 жылдың төртінші тоқсанында Tele2 Қазақстан және Altel БК негізгі көрсеткіштерінің сенімді өсуін көрсетуді жалғастырып келген. Мәселен, абоненттік база көлемі үшінші тоқсанның осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 55,300-ге артып (Tele2 және Altel компанияларының есептеу әдіснамасының айырмашылықтарына байланысты, осы жерде және бұдан әрі 2015 жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстыру келтірілмейді), 6,439,746 пайдаланушыны құраған.

БК-ның 2016 жылдың 4-тоқсанындағы жалпы табысы 26,5 млрд теңге (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 15%-ға өскен), ал 2016 ж. нәтижелері бойынша – 91,7 млрд. теңге құраған. Компанияның 2016 жылғы қазан-желтоқсан айларындағы абоненттік ақшалай түсімі 20,5 млрд теңге (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 19%-ға өскен), ал 2016 жылы барлығы – 70,3 млрд теңге болған.
EBITDA 2016 жылдың 4-тоқсанында3,5 млрд теңге (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 9%-ға өскен), 2016 ж. нәтижелері бойынша – 9 млрд теңге құраған. 4-тоқсанда бұл көрсеткіштің өзгеруіне Тele2 мен Altel-дің әлі де жалғасып келе жатқан бірігуі, сондай-ақ операциялық ауқымның ұлғаюы көбіне ықпал еткен.
Дауысты сервистердің жалпы көлемі 2016 жылы 15 млрд минутты, алБК желісінде таратылған деректер көлемі 319ПБ құраған, сөйтіп өзінің сенімді өсуін одан әрі арттыра түскен. Өткен жылдың 4-тоқсанында таратылған деректердің жиынтық көлемі 103ПБ құраған (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 29%-ға өскен).
БК-ның негізгі басымдықтары ретінде бұрынғыдай Тele2 мен Altel-дің бірігуіболып табылады, бұл үдеріс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында сәтті аяқталған, және жоспар бойынша 2017 жылдың 3-тоқс. аяқталуы тиіс.БК-ның дамуындағы тағы бір басымдылық 4G стандартында мобильді интернет ұсыну саласындағы технологиялық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады, бұл мақсатта компания қамту аясын кеңейтіп, деректер тарату жылдамдығын арттыра түсуде.
Tele2 және AltelБК Басқарма төрағасы Роман Володин:«Біздің ең бірінші кезектегі міндетіміз бұрынғыдай компаниялар мен желілерді біріктіру болып қала береді. 2016 жылдың соңына қарай біз жоспарлағанымыздай,абоненттік базамызды арттырып, барлық негізгі көрсеткіштерімізді өсіре алдық. Жақын келешекте біз еліміздегі ең жылдам дамып келе жатқан оператор болып қалуды жоспарлап отырмыз. Нарықтағы үлесі бойынша, Altel және Tele2 БК бұрынғыдай үшінші орында, бірақ болашақта біз өзімізді нарықтағы екінші ойыншы ретінде көреміз.
2016 жылнарықтағы жағдайды өзгертті: 4G – енді эксклюзивті технология емес. Біз өзіміздің бәсекелестеріміздің бізді қуып жету үшін, осы бағытта қалай дамып келе жатқанын, 4Gқосып, желі құрып жатқандарын байқап отырмыз. Дегенмен бұған әлі өте көп уақыт кетеді. Біздің артықшылығымыз – неғұрлым сапалы желі, сондықтан технологиялық көшбасшылықты сақтап қалу үшін, біз желі құрылысына және оның өткізу қабілетін арттыруға инвестициялар салуды жалғастыра береміз», - деп көрсетті.
БАҚ арналған байланыс деректері:
E-mail: pr.kazakhstan@tele2.com
Tele2 – еуропалық жетекші байланыс операторларының бірі. Бүгінде Tele2 шамамен 9 елде 13 миллион абонентке қызмет көрсетіп,мобильді және фиксацияланған телефония, кең жолақты Интернет және кабельді теледидар қызметтерін ұсынып келеді. Altel–«ALTEL 4G» брендімен LTE технологиясын коммерциялық тұрғыдан алғаш іске қосқан бірінші қазақстандық мобильді оператор.
Tele2 Қазақстанда 2011 жылдан бері жұмыс істейді (2016 жылдан бастап «Қазақтелеком» АҚ БК-да), компания 6,4 миллион абонентке қызмет көрсетіп,мобильді байланыс және сымсыз кең жолақты 3G және 4G Интернет қызметін ұсынады. Қазақстанда қызмет ете бастаған сәттен бері Tele2 нарықты дамытуға 150 млрд теңгеден астам қаражат инвестициялады. Tele2 брендінің басты артықшылықтары – жақсы байланыс сапасы және шындап тиімді бағалар.
Лицензия 16015423 от 16 октября 2016 выдана Министерством информации и коммуникации РК.
На правах рекламы.