Оралда онлайн жер аукционы өтеді. Аукцион ағылшын әдісі бойынша сағат 10:00-да e-Qazyna.kz порталында өтеді. Бұл туралы Орал қаласының әкімдігі хабарлады.
Жалға берілетін жер телімдері Орал қаласы, Зачаганск кентінде орналасқан. Жалпы төрт учаске ұсынылған. Олар коммерциялық мақсаттағы нысандардың құрылысы үшін беріледі.
- Аукционға қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер e-Qazyna.kz порталында қабылданады, - деп хабарлады Орал қаласының әкімдігі.
Фотогалерея
4 фото