• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да үздік үкіметтік емес ұйымдар 250 мың теңгелік сыйақымен марапатталады

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет үкіметтік емес ұйымдардың арасында «Жыл үздігі-2026» байқауы өтеді.
БҚО-да үздік үкіметтік емес ұйымдар 250 мың теңгелік сыйақымен марапатталады
Сурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Батыс Қазақстан облысында «Жыл үздігі-2026» байқауы жаңа сипатта ұйымдастырылмақ. Биыл тек үкіметтік емес ұйымдардың арасында үздіктер анықталады. Өткен жылдары бұл байқауға түрлі мамандық пен кәсіп иелері құжат тапсырып, сайысқа қатысатын еді.

Байқау 15 аталым бойынша өтеді. Байқауға қатысушылар мына аталым бойынша құжат тапсыра алады:

  1. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт.
  2. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау.
  3. Қоршаған ортаны қорғау.
  4. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау.
  5. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
  6. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.
  7. Жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету.
  8. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
  9. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
  10. Мәдениет пен өнерді дамыту.
  11. Тарихи-мәдени мұраны қорғау.
  12. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.
  13. Мемлекеттік қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу.
  14. Азаматтық қоғамды дамыту және ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыру.
  15. Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

- Батыс Қазақстан облысында қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер. Бағалау кезінде соңғы үш жылда іске асырылған жобалар мен нәтижелер ескеріледі, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Байқауға өтінімдерді 20 қарашадан бастап 5 желтоқсанға дейін тапсыруға болады. Сайыстың жеңімпаздары арнайы диплом және 250 мың теңгелік сыйақымен марапатталмақ.