26 октября 2020

Ақсай каласындағы мектептердегі күрделі жөндеу сапасын депутаттар тексерді

Ақсай қаласындағы №3 және №4 орта мектептерде биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңге қаражат бөлінді. Ақсай каласындағы мектептердегі күрделі жөндеу сапасын депутаттар тексерді Өткен аптада Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов және аудандық мәслихат депутаттары Анвар Агаев, Надежда Шиганакова, Малика Махауова, Лесбай Елеусинов №3 және №4 орта мектепке барып, "Жайықжарығы" мердігерлік ұйымының құрылтайшысы А. Қарағойшиевпен кездесті. Мақсат - «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын, сапасын тексеру, жұмыс барысымен танысу. Айта кету керек, екі білім беру нысаны бұрыннан күрделі жөндеуді қажет ететін. Осыдан 30 жыл уақыт бұрын бұрын пайдалануға берілген ғимараттың күз-көктем айларында төбесінен су сорғалап, соңғы бірнеше жылда ұжымды әуре-сарсаңға салған. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген мектептердің іші-сыртын ретке келтіру биыл қолға алынды. Бюджет қазынасынан бөлінген қаржыға қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылар болса жұмысты ойдағыдай аяқтаймыз деп отыр. Мердігерлер білім ошағын заман талабына сай өзгертпек. Нысанның 1.2,3 қабатындағы тозығы жеткен терезелері ауыстырылған. Енді едені мен қабырғалары, есіктері толығымен жаңартылмақ. Сонымен қатар жылу желілері мен кәріз құбырлары да жаңартылмақшы. Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіп алған мердігерлердің алдында бір ғана талап - өз міндеттемелерін сапалы әрі тез орындау міндеті тұр. Құрылыс жайымен танысқан аудан басшысы мен халық қалаулылары жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын тілге тілек етті. Сонымен қатар бұған қала тұрғындары да алаңдаушылық білдіруде. Мердігер мекеме басшыларының сөзінше, алғашқы айда құрылыс материалдарын жеткізуде кідірстер болған. Қазіргі уақытта мәселе оңтайлы шешімін тауып, жұмыстарды кестеге сәйкес жүргізуге тырысатындықтарын жеткізді. Қос жобаны тапсыру 2021 жылдың ақпан айына белгіленген. Депутаттар жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімі бойынша бірқатар ескертулер жасады. Ақсай каласындағы мектептердегі күрделі жөндеу сапасын депутаттар тексерді Жайнагүл ЖЕҢІСҚЫЗЫ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp